Мазмұны | Мақсаты
|
Ойыншықтар. ( Доп, қуыршақ, қоян, қасқыр, мысық, бар, жоқ,мынау) | Ойыншық атауларымен , қимыл әрекеттерді білдіретін сөздермен таныстыру (кел, отыр, тұр, бар, ал, әкел ) Ерекше дыбыстармен таныстыру. |
Күз. (Күз, келді, күн, салқын,суық, жаңбыр, жауады, жапырақ, түседі) | Табиғаттың жеке құбылыстарын бақылап, айтып беруге үйрету. Жаңа сөздермен таныстыру. «қ» дыбысының дұрыс айтылуын үйрету. |
Көкөністер – жемістер. (Сәбіз, пияз, қияр, алма, жүзім, үлкен, тәтті, кішкентай, сары, қызыл, жасыл, көк, дәмді, қышқыл ) | Жаңа сөздерді меңгерту. Дәмін, көлемін, түсін ажырата білуге үйрету. «І» дыбысының айтылу ерекшелігін қадағалау. |
Қыс. ( Қыс, қар, аяз, күн, жел, соғады, жауады) | «Қыс» тақырыбына байланысты сөздермен таныстыру. Қысқа сөйлемдер құрату. «Қ» «Ы» дыбыстарын дұрыс айтуға жаттықтыру. |
Отбасы. (Әже, ата, әке, ана, әпке, аға, отбасы, ұл, қыз, бала) | Отбасы мүшелерінің атауларымен таныстыру. Балалардың жынысын ажырата білуге үйрету. «Мынау кім?» деген сұраққа жауап беру. «Ғ» «Ә» дыбысының айтылу ерекшелігін үйрету. |
Киімдер. ( Көйлек, тон, етік, шалбар, бөрік, күрте, қолғап,көк, қара, ақ, жылы) | Киімдердің атын меңгерту. Түстерін ажырату мақсатында «қандай?» деген сұраққа жауап беру. «Ө» дыбысын дұрыс айтуға жаттықтыру. |
Азық – түліктер. Ыдыстар. ( Нан, сүт, май, қант, кесе, табақ, тәрелке) | Тағамдардың, ыдыстардың атауларымен таныстыру. «Қандай?», «мынау не?» деген сұрақтарға жауап беруді қайталау. |
Дене мүшелері. (Бас, көз, құлақ, шаш, мұрын, қол, аяқ) | Дене мүшелерінің атауларымен таныстыру. Сөздерді анық айтуға жаттықтыру. «Мынау не?» деген сұраққа жауап беру. «Ұ» «Қ» дыбыстарын қайталау. |
Үй жануарлары. (Сиыр, қой, ат, ешкі, ит, түйе, 1-5 сан, 5-1 сан) | Үй жануарларының атауларымен таныстыру. Санауға үйрете отырып «неше?» деген сұраққа жауап беру. «Ы», «І», «Ү» дыбыстарын қайталау. |
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.