так то ЕНТ / Разработки уроков / қазақ әдебиетінен сабақ үлгілері / Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық »

Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық »


Әдебиеттік оқу                      02.09.2014 ж 
 
Сабақтың мақсаты: 
1. Оқушыларға Ы.Алтынсариннің өмірін үлгі ете отырып,оқудың пайдасы туралы әңгімелеу.Өлеңді түсініп оқуға,талдауға үйрету. 
2. Оқушылардың оқуға деген ниет-ынтасын дамыту. 
3. Оқушыларды білімді болуға, ата-ананы құрметтеуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: жаңа сабақ 
Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену, 
Көрнекілігі: оқулық, суреттер 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру кезеңі
: 
Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. 
Оқушылардан мектепке алғаш рет қалай келгендеріңді еске алаыңдар.Мектепке кіммен келдің? Алғашқы оқулығың туралы не айта аласың? Қазақ хрестоматиясы туралы естідің бе? 
ІІ.Мақсат қою кезеңі:сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 
ІІІ. Жаңа сабақ
 
а/ Ы.Алтынсарин туралы түсінік. 
Ы.Алтынсарин 1841-1889 Қостанай облысында туған. Ол – қазақтан шыққан тұңғыш ұстаз. «Қазақ хрестоматиясы» деген оқулық жазды. 
ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу. 
А) І-деңгей(міндетті) сұрақ-тапсырмалары: 
1. Өлең не туралы? Неше бөлімнен тұрады? 
2.Білім не үшін керек? 
3.Ы.Алтынсарин оқудың пайдасы туралы не айтты? 
Ә) ІІ деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары: 
1.Өзіңнің мектепке алғаш келген кезіңді есіңе түсіріп әңгімеле. 
2.Оқу білім туралы қандай мақал-мәтел білесің? 
Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар: 
1.Өлеңнінің әр бөлігін берілген атаулардың бірімен ата.Неге солай аталғанына мән бер. (Білім керек бәріне:ата-ана:оқудың пайдасы:сауысқанның тамағы:оқудың зияны) 
2. Олай болса Ыбырай ата қалай оқыды деп ойлайсың? 
б/ Дәптермен жұмыс 
Ыбрай Алтынсариннің өсиетін дәптерге түсір. 
сөздік жұмыс жүргізу. 
Ыбырай атамыздың өсиет сөзін жазғызу. 
ІҮ. Түсінгендерін тексеру: 
Ыбырай атамыз қандай өсиет айтты? 
Өлеңнің бірінші шумағынан не түсіндіңдер? 
Оқудың пайдасы жөнінде не айтты? 
Тауып оқу 
Ү. Қорытынды: Ыбрай Алтынсарин туралы мәлімет жинау
Өнер, білім туралы мақал-мәтелдер айту. 
ҮІ. Үйге тапсырма:Өлеңді жаттау.Бағалау. 

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.