Шынықұлова Күнзираш Асанбайқызы
Абай Құнанбаев атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектеп
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Екібастұз қаласы
Павлодар облысы
Аннотация
Қазақ әдебиетінен сабақ жоспары 7-сыныптың оқу бағдарламасына сай құрылған. Сабақ барысында әдеби шығарманы оқу арқылы Сыр өңірінің кешегісі, бүгіні мен болашағын танып-білу, өз туған жерінің экологиялық жағдайына назар аудару мақсат етіп қойылған. Салыстыру, зерттеу, талдау тапсырмалары арқылы оқушыларға экологиялық және экономикалық білім беру , кәсіби бағдарлау жоспарланған.
Білімділік мақсаты: Шығарманы талдау, проблемалық оқыту арқылы өлеңнің тақырыбы мен идеясын таныту.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың мәнерлеп оқу , ойын жүйелеп айта білу дағдыларын , шығармашылық жұмысқа икемділігін дамыту;
Тәрбиелік мақсаты: Туған жерге деген махаббат арқылы қоршаған ортаны аялауға, тәрбиелеу. Сабақ барысында кәсіби бағдар беру арқылы эстетикалық әрі экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың типі: танымдық сабақ.
Сабақтың түрі: жаңа материалды меңгерту
Пәнаралық байланыс: Тарих, экономика, экология, биология.
Ұйымдастыру формасы: жеке –дара, топпен
Сабақтың әдісі: мәтінмен жұмыс , сұрақ-жауап, пікір алысу, салыстыру .
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушыларды түгендеу,көңіл-күйлерін сабаққа аудару,топқа бөлу.
2.Үй тапсырмасын сұрау. Өткен сабақты пысықтау .
ІІ.Жаңа сабақ.
1-кезең .«Білім»
1.Оқушылармен бірге туған жер , Отан тақырыбындағы мақал-мәтелдерді еске түсіру (әр топ бір-бірден).
2. Мұғалім туған жер, Отан туралы жалпы шолу жасап, жаңа тақырыпқа бағыттайды. Кез – келген ақын міндетті түрде өз елін, Отанын жырға қосатынын, соның бірі – Ә.Тәжібаевтың «Сырдария» өлеңі екенін айтып өтеді. Автор шығармашылығына тоқталу.
2-кезең. «Түсіну»
Мәтінмен жұмыс:
Өлеңді мәнерлеп оқу;
Тақырып – идея – тегі;
Лирикалық қаһарман, оның туған жерге деген махаббаты, ыстық ықыласы қай жолдардан көрінеді;
Сырдарияны неге «Ел анасы – менің анам» дейді?
3-кезең. «Қолдану».
1. Топпен жұмыс:
(Ескерту: оқушыларға алдын-ала Сырдария өзені туралы мәліметтер жинап, оқып келу тапсырылған. )
Тапсырма: І топ. Сырдария өзені . Кеше .
ІІ топ.Сырдария. Бүгін.
ІІІ топ. Сыр өңірі .Ертең.
Алғашқы екі топ дайындап келген мәліметтеріне сүйене отырып, ақын жырлаған Сыр елінің, Сырдария өзенінің кешегі, бүгінгі тыныс-тіршілігін, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемін, экологиялық жағдайын , қоршаған ортаға келген шығындардың ел экономикасына әсерін талдауға тырысуы керек.
ІІІ топ Сыр өңірін сипатын ақын сөзімен бере отырып, қоршаған ортаны аялау , сақтау арқылы болашақтағы өмірін,тынысын беруге тырысады. Табиғатты аяламасақ , арты қандай апатқа апаратынын болжайды.
4-кезең. «Анализ»
Салыстыру кестесі. Әр топқа «Эколог», «Жасыл полиция» және «Жергілікті тұрғындар» рөлдерін беру арқылы Сыр өңірінің экологиясына әсер еткен жағдаяттар мен өз туған жерінің , Екібастұз өңірінің экологиясын салыстыру, қоршаған ортаны қорғауға өз көзқарастарын білдіру.
Сырдария ,Сыр өңірі | Екібастұз |
Мысалы: 1. Егістік, мақтаға және т.б.тартылған су арналарының қоршаған ортаға тигізген әсері. | 1.Көмір бассейндері. |
2. | 2. |
3. | 3. |
|
|
Ұсыныс: |
|
5-кезең. «Синтез»
Жекелей тапсырма.
«Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ,
Оны айтатын табиғаттың тілі жоқ...» - шығарма желісімен өз туған жерің, оның табиғаты туралы ой толға.
6-кезең. «Бағалау»
Ә.Тәжібаевтың «Сырдария» өлеңнің әлеуметтік мәні, тәрбиелік рөлі, танымдық маңызы. Өзіңе қажетті қандай мағлұмат жинадың? (Әр оқушы өз ойын қорытындылайды)
ІІІ. Үйге тапсырма.
«Сырдария» өлеңін жатқа оқу;
Өлеңге сатылай кешенді талдау.
ІҮ.Бағалау.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.