так то ЕНТ / Разработки уроков / қазақ әдебиетінен сабақ үлгілері / Қазақ әдебиеті 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Мың бір мақал

Қазақ әдебиеті 7 сынып. Сабақтың тақырыбы: Мың бір мақал


Джакимбаева Үміт Абылғазықызы

ШҚО Семей қаласы

№ 7 орта мектеп-лицейі

қазақ тілі мен әдебиеті

пәнінің мұғалімі

 

 

Білімділік: Оқушыларды халқымыздың асыл сөздері мақал-мәтелдерді жаттай білуге, ауызекі сөйлеу тілдерін  кеңейтіп, өз  ойын  анық,  толық  жеткізе білуге  үйрету;

Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру, шапшандыққа, ептілікке төселдіру, мәдени,  әдеби  сөйлей  білуін,  мәнерлеп  оқу  дағдыларын  қалыптастыру; есте  сақтау,   қабілеттерін  дамыту;

Тәрбиелік: Туған еліне, жеріне  деген мақтаныш  сезімдері  оятып, сүйіспеншілікке  тәрбиелеу.

Сабақтың  көрнекілігі: интерактивті  тақта, мақал - мәтелдер тақырыбына слайд – суреттер, тапсырмалар.

Сабақтың  түрі:  жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ – жауап, сөздік  жұмысы, сызба, тапсырмалар орындау, ой қозғау, сергіту ”Ойлан да тап” ойыны.

Сабақтың  барысы:

I. Ұйымдастыру  кезеңі.

        1.Оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру, сабақтың   

        2.Сабақтың мақсат-міндеттерімен таныстыру.

II. Үй жұмысын тексеру.   Абайдың «Ғылым таппай мақтанба...» өлеңін оқушылардан жатқа сұрау.

III.Жаңа сабақ.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:Мақал-мәтелдер ғасырлар шежіресі. Онда халық тарихы, оның әлеуметтік тіршілігі, ақыл-өнегесі мол көрініс тапқан. Мақал–мәтелдер ой дәлдігімен, тереңдігімен, ықшамдылығымен ерекшеленеді. Өмірдің сан алуан құбылыстарына баға беріліп, үлкен түйін жасалады. Мақалдарда артық сөз болмайды. Олардың тақырыптары да әртүрлі.

Сұрақ – жауап.(3-слайд)

      Мақал – мәтелдер дегеніміз не?

           Мақал – мәтелдер әдебиеттің қай түріне жатады?

      Мақал – мәтелдердің көлемі  қандай болады?

      Мақал – мәтелдер  қалай  айтылады?

      Мақал – мәтелдер  адамды  неге  тәрбиелейді?

      Қандай  тақырыптарға мақал – мәтелдер білесіңдер?

      Мақал – мәтелдер  нені  сынайды?

      Мақал – мәтелдер ненің айнасы болып табылады?

Сөздік жұмысы (4-слайд)

       а) жаңа сөздерді мәнерлеп оқиды, аудармасымен танысады.

       ә) сөз тіркестерін, сөйлемдер құрап айтады.

   3.  Сызба бойынша жұмыс (5-слайд)

   4.  Тапсырмалар орындау 

         а) мақал – мәтелдерді аяқтаңдар (6- слайд)

         ә)  Берілген сөздерден өздік етіс, өзгелік етіс жасап сөз тіркестерін  құра.        (7–слайд)

         б) Берілген етістіктерді пайдаланып, сөйлемдерді ырықсыз етіс 

             тұлғасында өткен шақта аяқта  (8–слайд)

         в) Мақал – мәтелдер  қай  тақырыпқа  жататынын  анықтаңдар (9-слайд)

         г) Мақал – мәтелдердің орыс  тіліндегі  баламасын   айтыңдар.(10-слайд)

 

   5.  ”Ойлан да тап” ойыны. (11-22-слайд)

               Интерактивті тақтада мақал – мәтелдер суреттермен толықтырылған.

                    Суреттің орнына керекті сөзді қойып, мақалды толық оқиды.

 

 IV. Қорытынды.

         Сөзжұмбақты шеш (23-слайд)

 

           

 

м

е

к

т

е

п

0

т

а

н

 

 

о

қ

у

 

 

а

л

т

ы

н

 

қ

о

л

 

 

...   – кеме, білім – теңіз.

...  оттан да  ыстық.

...  инемен құдық қазғандай.

Ел іші - ...  бесік.

Көз қорқақ,,  ...  батыр.

 

V. Оқушылардың білімін бағалау

VI. Үйге тапсырма. (24-слайд)

           1 топ: Отан, туған жер, атамекен

           2 топ: Өнер, білім, еңбекке  байланысты мақал мәтелдерді

                      жаттап келеді.

Прикреплённые файлы
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле. На странице приведен только фрагмент материала.
Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.