так то ЕНТ / Разработки уроков / қазақ әдебиетінен сабақ үлгілері / Қазақ әдебиетінен таңдау курсы 10-11 сынып. Таңдау пәні тақырыбы: «Семей өңірінен шыққан ақын- жазушылар»

Қазақ әдебиетінен таңдау курсы 10-11 сынып. Таңдау пәні тақырыбы: «Семей өңірінен шыққан ақын- жазушылар»


Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 сынып оқушыларына арналған жергілікті аймақтық компоненттерді оқыту мақсатындағы  «Семей өңірінен шыққан ақын-жазушылар»бағдарламасы білім стандартына негізделіп, қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламаларын басшылыққа ала отырып жазылды. Апталық сағаты-1. Тарих,өнер пәндерімен кіріктіре жүргізілуді көздейді. Гуманитарлық  бағыттағы оқушыларға, яғни болашақта әдебиетші, тарихшы боламын деген оқушылар білімін шыңдауды көздейді.

Курстың  мақсаты:  оқушыларға өзі туып өскен аймағындағы ақын-жазушылардың шығармашылықтары туралы кеңінен мағлұмат бере отырып,сол аймақтың тарихы мен сырын, өткені мен бүгінін, әдебиеті мен мәдениетін кең көлемде таныту арқылы туған жерге, елге деген патриоттық сезімдерін қалыптастыруға баулу.

Міндеттері:1.Жергілікті, аймақтық тарихи жер-су атаулары, тарихи ескерткіштер мен мәдени орындар, кесенелер туралы мәлімет беру;

2.Жергілікті, аймақтық тарихи тұлғалар жайында білімдерін кеңейту;

3.Жергілікті, аймақтық ақын-жазушылардың өмірі мен  шығармашылықтары жайында кенінен мағлұматтар бере отырып,  олардың мұраларын зерттеу жұмыстарына тарту;

4.Өлкемізден шыққан өнер саңлақтарының да шығармаларымен таныстыру;

5. Өз елінің тарихын, әдебиетін, мәдениетін сүйетін азаматтар тәрбиелеу, патриоттық, ұлттық сана-сезімдерін қалыптастыру.

Оқушы дайындығына қойылатын талаптар:

▪   Өзі туып өскен өлке тарихымен кеңінен танысу;

▪   Ақын-жазушылардың көркем  шығармаларын оқу;

▪  Туған жер, туған ел  тарихы туралы жазылған зерттеу еңбектермен танысу; 

▪   Аймақтың  өткені мен бүгіні жайында зерттеу,іздену, жинақтау;

▪  Сөздік қорын өз бетінше толықтырады;

▪  Оқу материалдары бойынша дискуссияға (диалог, сұхбат, әңгіме, инсценировка, пікір алмасу) т.б. қажетті дағдыларды меңгереді.

▪  Адамгершілік, патриоттық сезімдері қалыптасады.

 «Семей өңірінен шыққан ақын-жазушылар»  атты таңдау курсының

күнтізбелік жоспары.

10-сынып                 Қоғамдық-гуманитарлық бағыт                      34 сағат

р/с

Мазмұны

сағаты

күні

1

Кіріспе.Атамекен – алтын қазына. Жергілікті, аймақтық тарихи жер – су атаулары, мемлекеттік деңгейдегі ескерткіштер, мәдени орындар, атақты адамдарға қойылған кесенелер.

2

 

2

ХҮІІІ –ХХІ ғасырларда  жергілікті аймақта өмір сүрген ұлттық ой - сана өкілдері

1

 

3

Жыраулар, би, сұлтандар. Ақтамберді жырау.

1

 

4

Ақтайлақ би, Кеңгірбай би, Ералы би.

1

 

5

Ырғызбай би, Өскенбай би, Доғал би.

1

 

6

Кенжеғұл би, Жобалай би, Қисық би.

1

 

7

Барақ төре, Ешен әулие, Байтөлек көріпкел, Серікбай халпе.

1

 

8

Құнанбай қажы сұлтан

1

 

9

Өздік жұмыс

1

 

10

Шешендер.Досбол шешен

1

 

Прикреплённые файлы
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле. На странице приведен только фрагмент материала.
Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.