Асаубаева Алтын Қуандыққызы.
Шақа орта жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы (байланыс: 8(71842)23271, 87776000344)
Мақсаты: Ш. Бөкеев өлеңінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік сипатын зерттеу, зерделеу, жобаға салу.
Міндеттер:
«Қосаяқ» өлеңін зерттеу, талдау жасау, модульге түсіру және оны «Талдау» моделіне салу;
Материалдарды жүйелеу арқылы шағын проект жасау, рәсімдеу;
Проектіні қорғау.
Жоспар:
Өлең туралы оқулықтардағы материалдарды оқып танысу;
Қосымша зерттеу материалдарынан қажетті мәліметтерді теру;
Өлеңді талдау, теориямен дәлелдеу, модульдерге түсіру;
Жинақтаған барлық материалдарды жүйелеу, сызбаларға түсіру, проект жүйесіне келтіру;
Проект жасау, тексеру, рәсімдеу;
Проектіні қорғау.
Өзектілігі: Адам өзінің өткен өмірін, балалықтың өзіндік ерекшелігін естен шығармауды сол уақыттың белгісімен астарлай, қоса суреттеу арқылы оқырманға ұсынады, ой салады, суреткерлікпен ішкі жан дүниеге, сұлулыққа тәрбиелей білуі.
Болжам: осы өлеңді оқып түсінген жағдайда автор өмірінің бір белесімен қатар суреткерлік шеберлігін таниды, нәзік ойын сезінеді, сұлулық жақсылыққа жетелейтінін түсінеді.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- оқушылармен амандасу, көңілдерін сабаққа аудару, жұмысқа сәттілік тілек білдірту;
- жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру, сабақ мақсатын айқындау.
ІІ. Үй тапсырмасы:
1. «Автор орындығы» стратегиясы арқылы пікірлерін тыңдау, сұрақ-жауап ұйымдастыру.
2. Шығармасы бойынша талдауларын тексеру.
ІІІ. Тәжірибешілік сабақ:
1. Оқушылар: «Мәнерлеп оқу» сайысын өткізеді (бағалайды, ескерту жасайды, тілек білдіреді).
2. Мұғалім: өлең туралы қосымша әдебиеттер арқылы ақпарат көздерін береді, оқулықтағы материалдармен жұмыс істеуге нұсқау жасайды.
3. Оқушылар топтық негізде жұмыс жасайды, жұмыс бағыттары ұсынылады:
- Бағыт 1. Өлең негізі
- Бағыт 2. Тақырыбы, идеясы
- Бағыт 3. Әдеби бағыт
- Бағыт 4. Көркемдік ерекшелігі
- Бағыт 5. Автор және қоғам
- Бағыт 6. Өлең өлшемі
- Бағыт 7. Өлең құрылысы
- Бағыт 8. Үндестік.
4. Оқушылар жауабы:
Бағыт 1. Өлең негізі:
- Қосаяқ – Нарын құмын мекендеген кішкене жәндік, тышқанның бір түрі.
- Нарын – Батыс Қазақстандағы жер атауы.
- Нарын – Шәңгерейдің дүниеге келген жері.
Бағыт 2. Тақырыбы, идеясы:
- Өмірдің бір кезеңін толғау.
Алалы сақа атысқан,
Жалаң аяқ құм басқан,
Тал шыбыққа таласқан,
Бір күні едім мен бала.
- Қосаяқ арқылы бала күнін есіне алу.
Сол қосаяқты қуалап,
Тал шыбықты шудалап,
Қарындай үрген домалап,
Бәйшешек бетті бала едім.
- Идеясы: балалықтық бал дәмін ұмытпау, адам жасы ұлғайса да тәттілікпен еске
алады.
Бағыт 3. Әдеби бағыт:
- Бағыты – реалистік
- Тегі – поэзия
- Жанры - өлең
- Түрі – толғау.
Бағыт 4. Көркемдік ерекшелігі:
- Эмоцияға әсер ететін сөздер: «Бәйшешек түбін қолға алып,
Тілерсек басып тік тұрып,
Қарсы тұрып қайзаса, -
Бет біткеннен сұлуырақ».
«Сол көк орданың ішінде
Ләззат тауып бір-бірімен
Зауықтасқан ата-ана».
- Теңеу: алтындай, меруерттей, шытақтай, мөріндей, қарқарадай, көзіндей, жұлдыздай, шашбаудай, домалап үрген қарындай, шөл қаққан жолаушыдай.
- Эпитет: алалы сақа, тал шыбық, сабақ құрсақ, бура санды, ақ таңды, мойыл көзді, тоқ жүзді, қалы кілем, масақы келген ақ шашақ, бәйшешек бетті бала, пан дүние.
- Архаизм: қарқара – ертеректе жас әйелдер, қыздар киген бас киім, тырна қауырсыны тағылған.
- Кірме сөз: шайықтар – араб сөзі, мұсылман секталарының басшысы.
- Портрет: «Бура санды, ақ таңды,
Түсі алтындай ақ сары
Ауызға біткен қос тістің
Меруерттей ажары.
Қаусармалап қақтаған,
Шытықтай жұқа құлағы».
Бағыт 5. Автор және қоғам:
- ХІХ ғасырдағы тарихи жағдай:
«Адыра қалған Нарында
«Адыра» дедім Нарынды:
Құсы ұшып көлінен
Құты кетіп жерінен
Саба құрсақ билерден,
Еңіреген билерден
Айырылып адыра қалғанға».
Бағыт 6. Өлең өлшемі:
- 4 шумақтан тұрады
- тармақ саны тұрақсыз:
1-шумақта – 17 тармақ
2-шумақта – 37 тармақ
3-шумақта – 7 тармақ
4-шумақта – 18 тармақ.
- 2 бунақты
- 7-8 буынды
- аралас ұйқас.
Бағыт 7. Өлең құндылығы: ақын өмірі жайлы толғай отырып, адам өмірінің бастаушысы да, өткен өміріңнің жақтаушысы да Алла Тағала екендігін айту.
Афоризм: «Өлшеулі дәм біткенше,
Сызық бізден мейманға».
Бағыт 8. Үндестік:
- Абай «Балалық өтті»
- С. Дөнентаев «Балалық»
- М. Жұмабаев «Балалық шақ».
ІІІ. Қорытынды:
Оқушылар алған білімдері негізінде ойларын жинақтайды, әр топ дайындаған
бағыттағы жұмыстарын жинастырып, «Шәңгерей Бөкеевтің «Қосаяқ» өлеңі» атты модельді құрастырады.
«Шәңгерей Бөкеевтің «Қосаяқ» өлеңі»атты модель.
ІҮ. Бағалау:
Әр оқушы өздерінің жұмыстарын және басқалардың жұмыстарын бағалау парағы
бойынша бағалайды.
Ү. Үйге тапсырма:
Сұрақ-тапсырмалар (дидактикалық материалдар, 100-бет):
А). Міндетті деңгей: ІІІ-197-201.
Ә) Мүмкіндік деңгей: ІІІ-203, 206, 207.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- С. Қирабаев, Ұ. Асыл, т.б. «Қазақ әдебиеті» 10-сынып оқулығы, Алматы: «Мектеп», 2010.
- З. Ахметов, Ұ. Асыл. «Қазақ әдебиеті» хрестоматиясы 10-сынып, Алматы: «Мектеп», 2010.
- Б. Әрінова, Ғ. Сүйіндікова. «Қазақ әдебиеті» дидактикалық материалдар 10-сынып, Алматы: «Мектеп», 2010.
4. Н. Манаев «Шәңгерей өмірі жайлы деректер»;
5. М. Әуезов «Уақыт және әдебиет» 11-том;
6. Х. Сүйіншәлиев «ХІХ ғасыр әдебиеті», 1-том;
7. М. Тәжімұратов «Шәңгерей», Алматы, «Өлке», 1998;
8. Б.Омаров «Зар заман поэзиясы». Алматы, 1999 ж.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.