Тақырыбы: Компьютер жанындағы жанжал
Мақсаты: Шығармадағы негізгі ойды ашу арқылы қандай уақытта да адамгершілік қасиеттердің жоғары тұратынын таныту;
Мәтіндегі жаңа ұғымдармен таныстыра отырып, оқушылардың танымдық білімін арттыру, ой-өрісін дамыту;
Өз пікірін дәлелді қорғай білуге үйрету арқылы сөз мәдениетін қалыптастыруға баулу;
Түрі: Дебат сабақ (десант сабақ)
Әдісі: Сөздікпен жұмыс, болжау, пікірталас
Барысы: Ұйымдастыру
Балалар, біз ана тілінен «Әдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі» бөліміндегі шығармаларды оқи отырып, неге үйрендік?
Ата-ананы сыйлауға;
Үлкендерді құрметтеуге;
Олардың өнегелі істерін үйренуге;
Өнерлі, білімді болуға;
І. Қызығушылықты ояту
Тірек символдар
Алдарыңызда берілген суреттерді (балалар, компьютер, нота, кітапхана) бір-бірімен байланыстыра пайдаланып, әңгіме құрайық.
Оқушылардың жұмыстарын тыңдау
ІІ. Мағынаны тану
Болжау кестесі
Не болады деп ойлайсыз | Сізде оған қандай дәлел бар | Не болды |
1. |
Түсіндірме сөздік
(Қолдарына естелік ұсынылады.)
- Сега – электрондық ойын.
- Компьютер – (ағыл.-есептеуіш) электрондық есептеу машинасы – тапсырылған арнайы нұсқаулар жиынтығы – бағдарлама бойынша есептеу амалдарының күрделі тізбегін орындау арқылы электрондық түрде ақпарат қабылдауға, өңдеуге, сақтауға және беруге арналған машина.
- Клавиш – дербес компьютерді басқаруға арналған пернелік тақта.
- Джойстик – (ағыл. Басқару тұтқасы) ЭЕМ-нің дисплей экранында курсорды әр түрлі бағытта жылдам жылжытуға арналған қолтұтқа түріндегі құрылғысы.
- Дискет – компьютердің сыртқы жады ретінде пайдаланылатын, магниттік қабықша жалатылған табақша түрінде жасалған шағын есте сақтау құрылғысы.
- Радиотелефон – арнаулы станциядағы қашықтықтан электромагнит толқындары арқылы дыбыстар мен белгілерді қабылдайтын және сымсыз хабарласатын телефон.
- Интернет – (интер-өзара әрекет, бір-біріне бағытталу, нет-желі) компьютерлік желілердің ақпарат алмасуға арналған бүкіләлемдік қауымдастығы, бір-бірімен телекомуникация арналары арқылы мәлімет алмасатын әр түрлі аймақтағы компьютерлік желілердің біріктірілген торабы.
- Шифр – шартты әліппе, кітапханадағы кітаптардың тіркелу белгілері.
- Квитанция – түбіртек қағаз, ақшаны, құжаттарды, құндылықтарды, пошталық жолданымдарды, т.б. заттарды қабылдап алғандықты куәландыру үшін берілетін белгіленген пішімдегі ресми қолхат.
- Торонто университеті – Канададағы ең ірі университет.
- Канада – Солтүстік Америкада орналасқан мемлекет.
- Америка – АҚШ, Солтүстік Америкадағы мемлекет.
- Поп жұлдызы – музыка жанрының шебері
- Майкл Джексон – әнші
ІІІ. Ой толғаныс
Дебат
Айдын мен Ләззаттың жанжалына компьютер кінәлы ма?
Иә
Жоқ
Бейтарап
Топта ақылдасу, қорғау, дәлелдеу
Дебатты аяқтау
Үй тапсырмасы
Міндетті деңгей
- Әңгімені оқып, түсінгенін айту
- Әңгімеге сүйеніп, Айдынға мінездеме беру (дискуссиялық карта)
Мүмкіндік деңгейлі тапсырма
1. Шығармада аталған Америка, Канада елдері жөнінде деректер жазып келу
Болжау кестесі
Не болады деп ойлайсыз | Сізде оған қандай дәлел бар | Не болды |
1. Балалар кітапханаға барады. 2. Үлкендер келіп қалып, Айдынға ұрсады. 3. Інісін жазалайды. 4. Компьтерден ойындар алған. 5. Апасы интернетке кеткен ақшаны төлеттіреді. | Берілген тірек суреттер Компьтерде бала-лар көп отыруға болмайды. Әр бұрыс іс жазаланады. Балаларды қызық-тыратын нәрсе Ләззатқа шұғыл интернетке шығу керек. | Айдын компьютер-мен асығып жұмыс жасап жатыр. Апасы Айдынға рұқсатсыз интернет-ке шыққаны үшін ұрсады. Апасы інісінің не істегенін тексереді. Музыка жазып алған. Ләззат телефон арқылы қарызға жаздырып, интернет жүйесін қайта қосқызады. |
Дискуссиялық карта
(Айдынға мінездеме)
+ | - |
Айдын - ізденімпаз бала. Өзін қызықтыратын музыка туралы интернеттен жазып алуы осыған дәлел болады. | Айдынның рұқсатсыз интернетке шығуы дұрыс емес, әйткенмен ол пайдалы іс істеді. |
Дискуссиялық карта
(Айдынға мінездеме)
+ | - |
Айдынның жақсы қасиеті көп. Ол интернетке рұқсатсыз шыққанмен, қажетті нәрсе алды, білімге ұмтылды. Сондықтан оның бұл ісінің жақсы жағы көбірек | Айдын қажет мәліметті апасының рұқсатымен алу керек еді. |
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.