Бақытқа толған күн.

Бақытқа толған күн!
Бүгін менің ең бір бақытқа толы күнім болды. Өйткені мен үлкен бір белеске шықтым десем де болады. Мектепішілік «Зерде» жас зиялылар сайысына осымен екінші рет қатысып, «жеңімпаз» атандым. Алғаш «Құрт –ұлттық тағам» тақырыбындағы ғылыми жобамды қорғадым. Ауылдағы әжемнен алған білімімді көпшілік алдында қорғағаным маған ерекше күш сыйлады.Көктемгі демалыста әжеме алған дипломымды көрсететін боламын. Сол күнді асыға күтіп жүрмін. «Жеті-киелі сан»тақырыбындағы жобам да көпшіліктің көңілінен шықты деп ойлаймын. Таныстырылымдарымда киелі ұғымдарды қамтып шықтым. Әлі де іздене түсемін. Маған бұл жоба өте ұнады. Себебі, қатыса жүріп өзіме көп пайдалы мәліметтер таптым. Оларды еш ұмытпаймын да. Мен өлең шығара бастадым. Ол өлеңім мынадай болды:
Қазынасы халқымның- Құрт, кілегей, қаймағы. Дастарханнан үзілмей, Дәм татқан тегіс аймағы. Құрт, қатығын сақтаған, Әжем менің- жақсы адам. Үйретеді бәрін де, Мен әжеммен мақтанам. Осындай жобаларды өткізіп жүрген Бақыткүл, Толғанай апайларыма алғысым шексіз! Жаркен Ақерке 3 «А» сынып оқушысы Алматы облысы Талғар ауданы Гүлдала ауылы №21 орта мектеп
Прикреплённые файлы
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле. На странице приведен только фрагмент материала.
Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.