Өзіндік білім көтеру тақырыбының мақсат-міндеттері:
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыруда ойындарды қолданудың көкейтестілігін зерделеу
Балалардың жаңа ұғымдары мен түсініктерін байыту; білімдерін бекіту; ойлау қабілеттерінінің (салыстыру, қорытындылау, сыныптау, талдау) жан-жақты дамуына ықпал ету.
Өзіндік білімін көтеруде ұйымдастыру формасы:
Біліктілікті арттыру институттарында курстық қайта даярлаудан өту
Екінші жоғары білім алу, Екінші санатқа өту (2015жыл)
Қайта даярлау курстарын қашықтықтан оқу
Конференция, мәслихаттарға
Семинар, педагогикалық кеңестерге қатысу
Олимпиада, жарыстарға
Тәжірибемен алмасу
Өзіндік білімін көтеру тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу
Қарастырылып отырған мәселе бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау;
«Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» түсінігіне жалпылама мінездеме беру;
Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыруда ойындарды қолданудың тиімділігін зерттеу; (баяндама жазу)
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыратын ойындар жиынтығын жасау;
«Математикалық ертегі әлемі» үйірмесін ұйымдастыру; үйірме сабақтары бойынша бағдарлама жазу.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.