Мақсаты:
Балаларға ғарыш туралы түсіндіру, алғашқы ғарышкерлер туралы мәліметтер беру.
Тыныс алуды , артикуляциялық қимыл – қозғалысты жаттығулар арқылы жетілдіру , ұсақ және жалпы моториканы құрастыру және саусақ бояулар арқылы жетілдіру . Қиялдау арқылы ойлауын дамыту. Деңгейлі тапсырмалар арқылы сөздік қорын, байланыстырып сөйлеуін дамыту. Дыбыстық тапсырмалар арқылы фонематикалық естуін жетілдіру.
Алғашқы ғарышкерлеріміз туралы түсіндіріп Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекіліктері: сенсорлық бөлме, зымыранның макеті, топтамалар, пішінді текшелер, түрлі түсті саусақ бояулары, музыка.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: (сенсорлық бөлмеге кіргізіп, сабаққа даярлау)
Жаңа сабақ:
Балалар, біз бүгін ғарышқа саяхат жасаймыз. Бірақ ғарышкерлердің бірнеше міндеттері бар екен. Егер сол міндеттерді орындасақ біз ғарышта боламыз.
Тыныс алу және артикуляциялық жаттығу.
Алдымен ғарышқа ұшар алдында біз терең тыныс алу керекпіз.
Ал айтындаршы ғарышқа немен ұшады? Зымыранмен
Ал ендеше қолдарына зымыранды алып, ғарышқа бірге ұшайық.
Жақын ұшады.
Алыс ұшады.
Міне біз ғарышқа да келдік. (сенсорлы бөлме қосылады)
Сендер қалай ойлайсыңдар, ғарышкерлер қалай су ішеді – «түтікше», тамақтанады – «астыңғы жақты қозғау»? Тағамдары қандай дәмді екен! – «тәтті тосап». Ал олар қалай қуанады? – «жымию»(айнаға қарап жаттығуларды орындау)
Ал енді сендер нағыз ғарышкерсіңдер? Сендер ғарышта зымыранмен ұшып бара жатсыңдар. ал зымыранды сырттарынан қарасаңдар ол неге ұқсайды? Оны қалай жасар едіңдер? (қолдарын жоғары көтеру- зымыран бейнесін жасау)
Ал енді жан – жақтарыңа қараңдар? Не көріп тұрсыңдар аспанда?
Ай, жұлдыздар және күн.
Олар сендерге тапсырмалар дайындап қойыпты, соларды орындап көрейік.
1- жұлдыз: Алғашқы ғарышкерді ата.
2- ай: жер бетінде қандай жыл мезгілі? Сипаттап бер.
3-күн: күннің түсі мен пішіні қандай?
«Сиқырлы әріптер мен пішіндер»
Сендер енді тағы тапсырманы орындап көріндер.
Анель мына сиқырлы әріптерден «ғарышкер » деген сөзді жазады
Дамир мен Зульфия сиқырлы пішіндерде зымыранды құрастырады.
Фонематикалық ойын.
Осымен ғарышқа саяхатымыз аяқталды. Біз жерге оралдық. Жер бетінде әр түрлі дыбыстар шығып жатыр гой. Олар ненің дыбыстары екен? Ендеше балалар(дефектологпен бірге) сол дыбыстарды мына саусақ бояулармен бейнелеп көрейік.
Мұқият дыбыстарды тыңдаймыз.
Мынау ненің дыбысы? (әтеш )
Субояқпен салады.
Мынау ненің дыбысы? (күшік)
Субояқпен салады.
Мынау ненің дыбысы? (мысық)
Субояқпен салады.
-Балалар,кім айтады?Бұл қандай жануарлар екен?
-Ия,үй жануарлары.
- Ал осылардың қайсысы ғарышқа үшты?
- Әтеш қалай ұшады?
- Жарайсындар балалар, бүгінгі ғарышқа саяхатымыз сәтті өткен сияқты.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.