Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға біздің Отанымыз – Қазақстанның қазіргі кездегі дамуы , ішкі және сыртқы саясаты туралы түсінік беру.
Дамытушылық: оқушыларға сұрақтар , тапсырмалар беру арқылы жылдам ойлау дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын сүюге, танымдық – эстетикалық әрекеттерге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: дәстүрлі
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ әдісі: Ауызша баяндау , сұрақ- жауап
Сабақ көрнекілігі: Суреттер,
Сабақтың құрал –жабдығы: Қазақстан картасы
Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларын түгелдеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау , бағалау.
Тақырыбы: Астана – Қазақстанның бас қаласы.
- Бозоқ – ортағасырлық қала
- Астана – ел мақтанышы.
ІІІ . Өткен сабақты бекіту
1. Бозоқ қаласы қайда орналасқан?
2. Қазақстанның астаналарын картадан көрсет.
3. Астанада қандай өзгерістер болды?
ІҮ . Жаңа сабақ
- Қазақстан – біздің Отанымыз.

Бүкіл дүние жүзіндегі қазақтың саны – 12 млн.
Шетелдегі қандас бауырлар саны – 3,5 млн . адам.
Түркі тілдес халықтар арасында – 4 орын
Түр – тұрпаты азиялық нәсілдің тұрандық тармағына жатады.
Тілі жағынан алтай тілінің түркі тілдік тобына, оның ішінде қыпшақ бөліміне
Діни ұстанымы жағынан ислам дінінің сунниттік тобына жатады.
Қазақстанда 130-ға жуық этнос өкілдері тұрады
Орыстар – 30 %
Украиндар – 3,7 %
өзбектер - 2,5 %
Қазақстан :
Азия мен Еуропа құрлығының нағыз бел ортасында орналасқан.
Табиғи ресурстары мен экономикалық қуаты өте күшті.
Менделеев кестесіндегі элементтердің 99 – ы табылған.70-інің қоры зерттеліп, 60-тан астамы өндіріске қосылған.
Әлемнің 145 мемлекетімен сыртқы сауда байланысын жүргізеді.
1997 жылы – 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді дамуының бағдарламасын қабылдады.
«Мәдени мұра» бағдарламасы жүзеге асырылды.
Ү. Жаңа сабақты бекіту.
1. Қазақстанның аумағын , шекарасын картадан көрсет.
2. Қазақстан қандай елдермен байланыс орнатты?
3. Қазақстанда қандай табиғи байлықтар бар?
ҮІ. Қорытындылау
ҮІІ . Үйге тапсырма
Бүгінгі Қазақстан
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.