Сынып 2
Сабақтың тақырыбы: Сын есімдер
Сабақтың мақсаты: оқушылардың тақырып бойынша сөз қорын ұлғайтып, бір-бірімен диалог құруға үйрету
Сабақтың түрі: жаңа
Қолданатын көрнекілер: суреттер, карточкалар, жұлдызшаларКүтілетін нәтиже: оқушылар өздері ағылшын тілінде сын есімдерді қолданып сөйлемдер құра алады, сұрақ қойып, өзгелердің сұрақтарына жауап береді
Сабақ барысы
Эмоционалды дайындық
"Hello” әні
Сабақ кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс әрекеті |
Үй жұмысын қайталау Топқа бөлу | Жануарлар бар суреттер беріледі. | Оқушылар сөйлем құрайды. Суреттер бойынша топқа бөлінеді. |
Жаңа тақырып | Суреттер бойынша жаңа сөздермен таныстыру Сөздерді түсіндіру Old-young Pretty-ugly Fat-thick Tall-short | Оқушылар мұғалімнің соңынан жаңа сөздерді қайталайды |
Практикалық жұмыс | Мұғалім оқушыларға салыстырмалы түрде сөйлемдер құруды ұсынады. Өткен тақырыптар қайталанады. (отбасы, мектеп құралдары. жануарлар) | Оқушылар жаңа сөздерді қолдана отырып сөйлемдер құрайды. |
Кітаппен жұмыс | Оқушылардың сөйлемдерді дұрыс аударылуын бақылайды. | Оқушылар сөйлемдерді оқып, аударады |
Кім жылдам | Тақтада жазулы тұрған сын есімдер тұрады | Оқушылар берілген сын есімдерге қарама-қарсы сөздерді іздеп қояды |
Жазбаша жұмыс | Жаттығумен жұмыс түсіндіріледі. | 3 жаттығу |
Ыстық орындық | Оқушыларды ойын ойнауға шақырады. | Оқушылар сұрақтарға жауап береді |
Рефлексия | Сабақта не ұнады? Кімге жұлдызша берер едің? | Оқушылар бір-бірінің жұмысын бағалап, жұмысы ұнаған оқушыларға жұлдызшалар сыйлайды |
Үй жұмысы: сөздерді қайталап келу, ауызша сөйлемдер құрастыру.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.