так то ЕНТ / Разработки уроков / Химия / 8 сыныптың химия бойынша сабақтың жоспары / Оттегінің табиғаттағы айналымы. Оттегінің қолданылуы

Оттегінің табиғаттағы айналымы. Оттегінің қолданылуы


Күні    

    Сабақтың тақырыбы: Оттегінің табиғаттағы айналымы. Оттегінің қолданылуы. 

            Сабақтың мақсаты: Оттегінің табиғаттағы айналымы мен қолданылуы, тірі табиғаттағы және өндірістегі маңызын түсіндіру.

            Құрал-жабдықтар: "Оттегі” кинофильмі, "Элементтердің табиғатта таралуы”, "Оттегінің қолданылуы” деген кестелер. Электрондық оқулық.

           Сабақтың түрі: аралас сабақ.

          Сабақтың әдіс-тәсілдері: есептер шығару, сұраққа жауап.

          Пәнаралық байланыс: биология, география

            Тірек білім мен біліктер: Оттегінің қасиеттері, реакция теңдеуін жаза білу, массалық үлесін табу.

            Сабақ барысы:  Ұйымдастыру кезеңі.

             Оксидтердің құрамын қайталау мақсатында төмендегі тапсырмаларды орындатамыз. Мұнда оқушыларда валенттілік, күрделі зат, оксидтердің класқа бөліну ұғымдарын дамыту кезделген.

 1.Берілген формулалардың оксидтердітеріп жазып, аттарын атаңдар.

           

            H2SO4 , Al2O3 , NaOH, K2SO4 , SiO2 , CH4 , MgO

           

            NaCl, SO2 , KNO3 ,Fe2O3 , SiO2 ,SiH4 , KOH.

           

            H2SO3 , KCl, H2O, CH4 , P2O5 , NaOH, ZnO.

           

            CO2 , Na2SO4 , KNO3,CaO, HCl, Cu, KOH.  

            2. Мына сызбанұсқа бойынша реакция теңдеулерін жазыңдар:

1-нұсқа                                               2-нұсқа

            Mg→MgO                                         Zn→ZnO

            N2 →N2О5                                          Al→Al2O3

            Na→Na2O                                         H2→H2O

 

            Күрделі заттың құрамындағы жай заттың массалық үлесін табуға бірнеше есеп беруге болады. Бұл тапсырма оқушының алған білімін қалыптастыруға, бекітуге көмегін тигізеді.

                1.    Кварцтағы SiO2  кремнийдің массалық үлесін тап.

                2.    Мырыш оксидіндегі ZnO оттегінің массалық үлесін тап.

            Бұл сабақта мұғалім оқушылардың алған білімін жинақтап, оттегінің табиғатта таралуы мен маңызына тоқталады. Оттегінің химиялық элементтердің ішіндегі өмір, тіршілік үшін маңызы зор екенін айту керек. Жай зат ретінде оттегі демалу және процестеріне, ал күрделі зат ретінде судың құрамында кездесуі – тіршілік кезі.

            Осы орайда халық шаруашылығындағы қолданылуына да тоқталады.

            Оқушыға оттегінің мысалында қоршаған ортаның бір-бірімен байланыстылығы айтылады. Бұл сабақта кинофильм көруге болады. Фильмнен алған әсерін білу мақсатында және қорытынды жүргізу үшін төмендегідей сұрақтар қоюға болады.

 

            1.Оттегі табиғатта қандай түрде кездеседі?

            2.Оттегінің қандай химиялық қасиеттерімен таныстыңдар?

            Сызбанұсқа бойынша оттегінің қолданылуын, табиғатта таралуын талқылау  ,,,,,,,,,,,,керек. Оттегінің техникада өте көп қолданылатыны тоқталады.

 

            Үйге тапсырма беру:   24,  2, 4-жаттығулар.

 

 

Прикреплённые файлы
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле. На странице приведен только фрагмент материала.
Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.