Күні ---------------
Сабақтың мақсаты:
Білімдік : «Уақытты жоспарлап үйренейік» модулін қорытындылау. Модуль тақырыптары бойынша әр түрлі тапсырмалар орындау
Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, қабілеттерін дамыту; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге үйрету;
Тәрбиелік:Уақытты дұрыс пайдалануға, бағалай білуге, үнемдеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: кайталау сабағы
Оқытудың әдістері: әңгімелеу, сұрақ –жауап, талдау, сөйлесу, тыңдалым
Сабақтың көрнекілігі: сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер, сұрақтар, мәтіндер
Сабақтың пәнаралық байланысы: орыс тілі
І .Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер!
-Сыныпта кім кезекші? -Бүгін нешесі?-Қазір қандай жыл мезгілі?-Бүгін ауа-райы қандай?
Бүгін- нәтиже сабақ. Біз «Уақытты жоспарлап үйренейік» модулін қайталаймыз. Сабақтың мақсаты:
Сабақта модуль бойынша өткен жаңа сөздер, мәтіндерді қалай меңгергендеріңді тексеру мақсатында әр түрлі тапсырмаларды орындаймыз
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (сөздер мен сұрақтар)
1- тапсырма. Сөздерді аударып, белгіленген сөзді буынға бөл.
Сөздерді аудар Алтын- Қымбат- бағалай біл- тиімді- үйірме- | Сөздерді аудар Жуыну- көру- тапсырма- заңдылық- қатысу-
|
Сөздерді аудар Жоспар- Жоспарлау- Босқа- Күнтізбе- Пайдалану- | Сөздерді аудар Үзіліс- түскі ас- күш - басты- серуендеу-
|
Сөздерді аудар өткізбе- уақыт- жинақы- тәртіп- үйретеді-
| Сөздерді аудар Ауысым- қолайлы- қыдыру- қонаққа бару- ғасыр-
|
Сөздерді аудар Тыңдау- Тамақтану- Басталу- Аяқталу- көмектесу-
| Сөздерді аудар ғаламтор бос уақыт- іс- күн тәртібі- күнде-
|
2- тапсырма. Сөз тіркестерін дұрыс құрастыр. Сызықшамен қос
1. Қымбат | А. күн тәртібің |
2. Екі | Б. уақыт |
3. Уақытты | В. кестесі |
4. Бос уақытты | Г. ауысым |
5. Сенің | Д. жоспарлау |
6.Сабақ | Ж. көремін |
7. Ғаламторда | З. бағалай біл |
8. Теледидар | К. отыру (8 балл) |
3- тапсырма. Сөйлемдерді аудар
Сөйлемдерді аудару
Күнпарақ 365 күннен тұрады. ....................................................
Күнпарақтар әр түрлі болады. .......................................................
Мысалы: қабырға күнпарағы, үстел күнпарағы, қалта күнпарағы ..................................
Мен уақытты дұрыс пайдалану үшін күн тәртібімнің кестесін жасадым............................
Сөйлемдерді аудару
Мен сағат 8- де мектепке барамын. ...........................................................
Сабақ сегіз отызда басталады. .............................................................
Сабақ 5- те аяқталады. ............................................................
Үйге келіп біраз демаламын. ............................................................
Сөйлемдерді аудару
Сағат 10- да ұйықтаймын. .............................................................
Уақытты жоспарлау керек. .............................................................
Тәртіпке үйренеді. ............................................................
Уақытыңды босқа өткізбе. .............................................................
Сөйлемдерді аудару
Уақыт алтыннан қымбат. ...............................................................
Сабақ кестесі мектептегі басты нәрсе. ...............................................................
Сабақ кестесі бірінші қабатта ілулі тұр. ...............................................................
Сабақ кестесі бір аптаға жасалады. ...............................................................
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.