так то ЕНТ / Разработки уроков / Ашық сабақ / Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Бас қаланың бойтұмары.

Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: Бас қаланың бойтұмары.


Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік:  «Астана-Бәйтерек» монументі туралы мәлімет беру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, сөздік қорын молайту.
2. Дамытушылық:  Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту, шығармашылық –танымдық қызметтерін арттыру, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Туған жерін, елін сүюге қазақ тілін үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.   
Сабақтың әдісі:
1.Сұрақ-жауап,  сөзжұмбақ , тірек-схема, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: Слайдтар, техникалық құралдар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе сөз:
Балалар біз бүгін елімізде өзіндік маңызы бар тақырып төңірегенде әңгіме қозғаймыз.Бүгінгі біздің сабағымыз бірнеше бөлімдерден тұрады, осы бөлімдер бойынша сабағымызды бастаймыз.

1. бөлім. Тарих парақтары (1 слайд)

 Біздің тарих! Бұл дегенің шежіре,

Тарих бетіне жазылады бәрі де.

Тарихқа көз жіберіп көрейік,

 Астаналар тарихын таныстырып беретін 

 

 «Өткен тарихқа көз жүгіртпей, болашаққа бара алмайсың» деген бар.

 

                   Көне дәуірдегі қазақ елінің бас қалаларын еске түсіріп атап өтейік. (2-7 слайд)

Мемлекеті                                      Астанасы

Батыс түрік                                  Суяб

 

Қарахан                                        Баласағұн

 

Қарлұқ қағанаты                        Қойлық

 

Оғыз мемлекеті                          Янғикент

 

Қыпшақ хандығы,

Ақорда мемлекеті,                        Сығанақ

Әбілқайыр мемлекеті,

Қазақ хандығы

Кеңес дәуіріндегі Қазақстан астаналары туралы айтсақ ше? (8 слайд)

1.Орынбор:

1920 жылы 26 тамызда   Қазақстан Ресейдің құрамындағы автономиялы республика болып құрылды.Осы тұста Орынбор бас қала болып жарияланды. 1920 – 25 жылдары Орынбор қаласы Қазақстан астанасы болды.

2.Ақмешіт /Қызылорда/

1925 жылы Ақмешіт бекінісі деп аталған қала Қызылорда деп өзгертіліп, Қазақстанның астанасы Орынбордан Қызылордаға көшірілді. Қызылорда 1929 жылға дейін еліміздің астанасы болды..

 

3. Алматы.

Сыр бойының экономикалық және табиғи жағдайы қолайсыз дегенді желеу еткен.

1927 жылы 3 наурызда Қазақстан астанасын Алматыға көшіру жөнінде Қазақ АКСР-інің   қаулысы жарияланды. Ал 1929 жылы 19 мамырда ел астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді. Көшірілуге себеп: 1927 жылы Трансібір темір жол магистралі салынды. Ол Қазақстанның ең ірі елді мекені –Алматы қаласы арқылы өтті. Алматы қаласы 1997 жылға дейін еліміздің бас қаласы болды.

 

- Иә, дұрыс, қазақ елінің тарихы 68 жыл ел орталығы болған Алматымен тығыз байланысты.

 

4. Астана (9 слайд)

1997 жылы қазанның 20-сында Н.Ә.Назарбаев «Ақмола» қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қолды. 1998 жылы мамырдың 6-сында Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы   Астана қаласы болып аталды. Осы жылғы маусымның 10-ында тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Сөйтіп, Астана қаласы Қазақстан Республикасының жаңа астанасы болды.
Аз уақыттың ішінде Астана көрікті қалаға айналды.

Прикреплённые файлы
Полный текст материала смотрите в скачиваемом файле. На странице приведен только фрагмент материала.
Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.