Сабақтың тақырыбы: Зат есім. 3 «а» сыныбы.
Сабақтың мақсаты:1). Зат есім туралы білімдерін тиянақтау,пысықтау.
2). Сөздік қорын,тіл байлығын жетілдіру,ойлау қабілетін арттыру.
3).Сауатты да көркем жазуға тәрбиелеу.
Түрі: ашық сабақ.
Типі:білімді тиянақтау.
Әдісі:Талдау,жинақтау,топпен жұмыс,түсіндіру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі:
2.Қызығушылығын ояту.
Ұраны:
Қазақ тілім - өз тілім,ана тілім,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым,бақытым дара тілім.
3. Өткенді пысықтау: «Ой қозғау».

Жұмбақ шешу:
Білесіңдер Кім?Не? сұрағын,
Сөйлемде ой иесі боламын.
Не істеді? Сұрағымен,
Көркейемін,толамын. (Зат есім).
-Қай сөз табы? Зат есім.

«Қызықты кесте» толтыру. Әр оқушыға таратылып беріледі. Зат есімдерді түрлеріне қарай топтау,ажырату.
4.Оқулықпен жұмыс.
«Көркем жазу».
Мақал.
Білімдіге дүние жарық,
Білімсізге дүние кәріп.
5.Жаттығулар кезеңі:
13 – жаттығу.Мағынаны тану.
Мәтінді оқу,мәтінді пайдаланып кестені тиісті сөздермен толықтыру, әр оқушы тексереді.
Қызықты кесте:
Зат есім
| Жалқы есім | Жалпы есім | Жекеше | Көпше |
Дәптер |
| + |
|
|
Алматы | + |
|
|
|
Қаздар |
| + |
| + |
Ойыншық |
|
| + |
|
Тайбурыл | + |
|
|
|
Қозылар |
| + |
| + |
Гүлнәр | + |
|
|
|
Демалыс тренингі:
«Кім?» сұрағына жауап берілетін сөздер айтылса, 2 рет шапалақтау.
«Не?» сұрағына жауап берілетін сөздер айтылса, 1 рет шапалақтау.
14-жаттығу. Ауызша. Жаңылтпашты оқу,жатқа айту.
Ара,ара, аралар,
Орманның бойын аралар.
Гүлдерден сорып бал алар,
Бал тәтті ғой балалар.
(Зат есімдерді ажырату,сұрақтар қойып,көпше түрдегі зат есімдердің жасалу жолын айту).
I қатар. II қатар.
Жекеше түрдегі зат есімдерді топтау. Көпше түрдегі зат есімдерді топтау.
Ара, бал. Аралар, балалар.

15-жаттығу.Көптік жалғауының тиістісін қойып жазу.Көпше түрдегі зат есімдердің астын сызу,сұрақ қойып табу.
«Өз орнын тап».
Мәтінмен жұмыс.
Ауданда суретші (-лар,-лер,-тар) жарысы өтті. Бала (-лар,-дар,-лер) сурет салуды жақсы үйренген. Жеңімпаздарға сыйлық (-тер,-тар,-дер) тапсырылды.
Кімдер? Нелер?
6.Суретпен жұмыс.Суреттен зат есімдерді тауып,көпше түрге айналдыру.Жалқы есімдерді тап.

Тексер: қарбыз-қарбыздар, кесе-кеселер, пышақ-пышақтар, орындық-орындықтар.
Жалқы есім. Айдос,Әлия.
Қорыту: Не білдім? Білдім? Білгім келеді?
Бағалау. 5 болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп бақыт,
Өсе берсін санамыз.-деп, сабаққа ерекше қатысқан оқушыларды мадақтау.
Үй тапсырмасын беру.
Ақтөбе облысы,
Мұғалжар ауданы
Қандыағаш қалалық №2 орта мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі: Абдуллина Айнұр Қылышбекқызы
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.