14-ші сабақ
Сабақтың тақырыбы: Пысықтау
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: Өткен материалдарды қайталау.
2.Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін дамыту.
3.Тәрбиелік: Іізеттілікке, зейіншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: қайталау, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың көрнекіліктері: «Бауырсақ» ертегінің кейіпкерлері (сюжеттік суреттер)
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
Мұғалім:
-Балалар, бүгін өткенді қайталау үшін ауылда тұрған әже мен атаға барып, хал жағдайын біліп келейік.
Психологиялық дайындық
Көтеріп шаңырақ,
Керегелер керіліп.
Өрімдей болып өріліп,
Киіз үй боп көріндік.
-Әже не істеп жатыр?
-Ұн илеп бауырсақ пісіріп жатытыр екен .
- Бауырсақ піскенше, санамақ айтып көрейік.
ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.
Ал санайық, санайық,
Сан сырына қанайық!
Бір саусақты жұмайық,
«Бір саны», -деп ұғайық!
Екі саусақ жұмайық
«Екі сан»-деп тынайық!
Үшіншісін жұмайық,
«Үш саны»-деп шығайық!
Тағы бірін жұмайық .
Төрт санына лайық.
Жұдырықты жұмайық.
«Бес болды» -деп ұғайық.
- Балалар, біз санамақ айтқанша «Бауырсақ» домалап кетті.
ІV.Оқулықпен жұмыс .
№2 тапсырма
-Бірінші, үшінші тұрған қыздардың шелектерінің түсі қандай?
- Жасыл шелек нешінші қыздың қолында?
-Көк шелек нешінші қыздың қолында? т.б.
-Аюдан аман -есен құтқардық.
- Қоянның көңілін көтеріп, денемізді сергітіп алайық.
V. Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалды сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып -ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан тоңпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Қасқырдың тапсырмасы.
VІІ.Дәптермен жұмыс 22 бет
№1 тапсырма үшбұрыштар шығатындай сызық арқылы үш нүктеден қосу.
№2 - тұйықталған, тұйықталмаған сызықтарды анықтау және тапсырма бойынша орындау.
Түлкінің тапсырмасы. Бауырсақты Түлкіден қалай құтқару керектігін ойланайық. І -қатар «Ойлан, тап!», ІІ -қатар «Кім тапқыр?» тапсырмаларды орындайды, жауаптарын дәлелдейді.
VІІІ. «Ойлан, тап!» ойын арқылы оқулықтағы №3 тапсырманы орындау.
Заттар тобы қандай белгісі бойынша топтастырылған?
ІХ. «Кім тапқыр?» ойыны. №4-27 бет
Х. Сабақты қорытындылау.
ХІ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.