Пысықтау


30-шы  сабақ

    Сабақтың тақырыбы:   Пысықтау

     Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік:   Өткенді қайталау, мысалдарды шешуге машықтандыру.

    2.Дамытушылық:  Ақыл ойын, сана  сезімін, есептеу, салыстыру дағдысын дамыту.

    3.Тәрбиелік:   Логикалық ойындар арқылы оқушылардың ақыл- ой белсенділігін тәрбиелеу; ұқыптылыққа, тапқырлыққа  тәрбиелеу.

    Сабақтың  әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілікпен  жұмыс

    Пәнаралық байланыс:  әдебиеттік оқу.

    Сабақтың  көрнекіліктері:  сандар, геометриялық  фигуралардан  жасалған заттардың  үлгілері.

    Сабақтың  барысы:  І . Ұйымдастыру  бөлімі

   Ал, кәнекей, балалар,

    Бері қарай қарайық.

    Қажет құрал, кітапты,

    Алдымызға алайық.

    Алаңдамай  басқаға,

    Сабаққа назар салайық.

    Дұрыс есеп шешімін,

    Мұқиятпен   табайық.

    ІІ. Психологиялық  дайындық

 Оқушылар  бір -біріне дайындаған  тілектерін айтады.

    ІІІ.Тірек білімдерін  пайдалану.

-Балалар, бүгін бізге  Жұмбақбай ата қонаққа келіп,  сендерге  бірнеше жұмбақ әкеліпті. Осы  жұмбақтарды шеше отырып бүгінгі сабағымыздың мақсатына жетейік.  

    Ақыл - ойдың  шырағы,

    Зәулім көктей шынары .

    Биігіне шықсаң  да,

   Қанбайды адам құрамы.  (Білім)

  - Балалар, жұмбақты дұрыс шештіндер, ендеше  білілмімізді ары қарай шындай  түсейік.

    ІV.Өткен материалды бекіту.

   Өрнектерді құрастыру және олардың мәндерін табу №1-52 бет

    Логикалық  тапсырма. №4- 39 бет

  №6 тапсырманы оқушылар   дайындалған қиындылардан геометриялық  фигура  құрастырады.

    V.Сергіту сәті.

   Орнымыздан  тұрайық,

   Алақанды ұрайық..

   Бір отырып,бір тұрып,

   Шынығып алайық.

   VІ.  Дәптермен  жұмыс -33 бет

    №1  -4 саның жазып үйрену.  №3  тапсырма  берілген сандар   бойынша  шаршы суретін салу.

   №4  оқушылар  нүктелерді дұрыс  қосуды үйренеді  және  төртбұрыш туралы білімдерін нақтылайды.

   VII. Сабақты қорытындылау.

    VIIІ. Жақсы жұмыс  істеген  оқушыларды   мадақтау.

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.