54-ші сабақ
Сабақтың тақырыбы: +1 +1, -1 -1 түріндегі қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: сандар қатарының негізінде бқліктер бойынша қосу, азайту тәсілдерін меңгерту.
2.Дамытушылық: Қосу, азайту өрнектерді орындауға машықтандыру.
Ойлау қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік. Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақтылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: аралас.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу
Сабақтың көрнекіліктері: Сандар , өрнектер, үл.қ-қ
Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Психологиялық дайындық .
«Күлімде ,күн, күлімде!
Күлсін барлық бала шат!
Берекелі бүгіндей
Бейбіт болсын болашақ!»
Осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастайық
Сабақтың ережесі:
1.Жұмысқа белсенді қатысу.
2.Бір -бірімізді бөлмей тыңдау.
3.Ойды ашық айту.
4.Тыныштық сақтау.
ІІІ. Тірек білімдерін бекіту.
Ауызша санауға бір -бірден қосу мен азайту дағдысын бекітуге арналған жаттығулар қосылады.
1-ді қосқанда келесі сан шығатыны, азайтқанда алдыңғы сан шығатыны
еске түсіріледі. «Тізбек», «Үндемес » ойындарын өткізуге болады.
№1-91 бет ауызша орындалады
IV. Оқулықпен жұмыс №2-91 бет .Түсіп қалған таңбаны орнына қой .
V. Жаңа материалды меңгеру.
№3-91 бет түсіндіру. Оқушылар сандар қатарымен жылжи отырып, алдымен 1-ді, сонан соң тағы 1-ді қосады.
-2 санына барлығы нешеуін қостық?
Осыған ұқсас жұмыс азайтқанда да өткізіледі. Мұғалімнің басшылығымен оқушылар мынадай қортындыға келеді: «Бір-бірден қосу (азайту) арқылы сандар «баспалдағы» арқылы секіруге болады немесе жайлап жүруге болады».
VI.Сергіту сәті
Дала сары киінді,
Самал соқты салқындау.
Қырмандарға үйілді,
Алтын астық , алтын тау.
VIІ.Дәптермен жұмыс. №1 -29 бет
Өздік жұмыс. №3- 30 бет
VIІІ. Логикалық тапсырма №5-92 бет
ІХ.Сабақтың қорытындысы.
-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
-Сабақта не істедік?
-Қандай тапсырма қиын болды?
Х. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.