Көпбұрыш


10-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Көпбұрыш.

Мақсаты: Көпбұрыш және оның элементтері (төбесі, бұрышы, қабырғасы) жайында түсінік беру; көпбұрыштың кейбір түрлерін мәнді белгілеріне орай анықтаудың үлгісін көрсету; бұрыштарды салыстыру және оның элементтерін анықтауға машықтандыру, өзара кері есептер тобы ретінде қосындыны және белгісіз қосылғыштардың бірін табумен байланысты есептерді шығару жолдарымен таныстыру, екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру жайындағы білімді бекіте түсу.

I.Ұйымдастыру сәті

ІІ.Тірек білім, білік, дағдыларды еске түсіру.

А)Ойын «ЗЕЙІНДІ БАЛА»

 

Тапсырма: Кімнің есінде ретімен не қалса, соның суретін сал. Әрқайсысын қарауға 3 сек. уақыт беріледі.

Осы фигуралардың қайсысы бұрыннан таныс?

Ә)Құрастыру

Аладарыңда жатқан шаршыдан үшбұрыш шығарып алу керек.

Екінші шарашыны алып, екі бұрышын шаршының ортасына қарай бүкте.Не шықты?

Жаңа фигураның неше бұрышы бар?Қабырғалары нешеу?

Қорытынды: екі бұрыштан артық бұрышы бар фигураны көпбұрыш дейміз.

III.Жаңа материалмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс

№1.Тапсырманың бірінші және екінші бөліктері оқулықтың сұрақтарына жауап беріп, талқыланып орындалады. Қорытынды жасалады.

№2.Түлкі, қоян,

Маймыл, тиін,

Салмақты кім деп таласты,

Жан жақтан бәрі таразыға жармасты.

Кане, қайсың бар табар,

Кім айтар бұрын хабар?

Сурет бойынша әр аңның массасын анықтайды.

4. Есептерге граф құрып, талдап, орындайды. Есептердің өзара кері екенін дәлелдейді.

№6.Өз беттерімен жұптасып орындайды.

Рефлексия.

    А)№5. Топтық жұмыс.Суреттегі бұрыштарды салыстырып,топтап,таңдауларын негіздейді.

Ә)Шығармашылық жұмыс


Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.