Амалды орындаудың рет тәртібі.


26-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Амалды орындаудың рет тәртібі.

Мақсаты: Жақшалармен таныстыру және жақшалардыі ішіндегі амалдың алдымен орындалатынын айту; өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтауға жаттықтыру; өзара кері есептер құру және шығартуды пысықтай түсу; уақыттың бірліктерін пысықтау; екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және салыстыруға машықтандыру. 

I.Ұйымдастыру сәті

  Біз өнерге, ұлы өмірге,

          Гүл өмірге иеміз.

          Көгімізді, көлімізді,

          Елімізді сүйеміз.

          Туған жерге аунап-қунар,

          Біз ұланбыз, өрімдейміз.

          Біз ұланбыз еңбекқұмар,

          Оқу десе ерінбейміз.

II. Тірек білімді еске түсіру

А)  *7> 90      8* <  81      65 >6*

-Қандай цифрлар қалып қойған?

-Осы жазуларды өрнектер деуге бола ма?

-Өрнектерге мысалдар келтіріп, дәлелдейді.


Ә) Ойын. Тапсырма: Түрлеріне қарай топта.Өзге өрнек бар ма?

 

   -Ендеше, бүгін осы өрнекті шығару жолымен танысамыз.

III. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

№1  Сұрақтарға байланысты жұмыс ұйымдастырылады.Өрнектерді салыстырып,ұқсастығы мен айырмашылығын атайды.Оқушылар оқулықтағы түсіндірмемен,амалдарды орындау рет-тәртібінің алгоритмімен танысады. Қорытынды шығарады.

       (  )  түріндегі белгі жақшалар деп аталады.

       Жақшаның ішіндегі амал алдымен орындалады.

№2  Бірінші бөлігі тақтада амалдарды орындау рет тәртібінің әр қадамын  түсіндіре отырып орындалса, екінші бөлігі оқушылардың өзіндік жұмысы ретінде орындалады.

Сергіту сәті

1-иілеміз,шалқаямыз,

2-алақанды үш соғамыз.

Басымызды үш изеп,

4 дегенде қол созамыз

5,6 дегенде.

Орнымызға отырамыз.

 

№3  Есеп тақтада талданып орындалады.Оқушылар амал компоненттері мен нәтижелері арасындағы өзара байланысты анықтайды.

 Бір санның екінші саннан қанша үлкен не кіші екенін табу үшін үлкен саннан кіші санды азайтамыз.

 

№6  Топпен жұмыс.Жұмысқа 5-7 минут уақыт беріледі.Мысалдарды шығарып,оған тағы бір-бірден мысал  жазу тапсырылады. Жұмыс барысында оқушылар кері мысалдарды шығару алгоритмін айтады.

Рефлексия.Өзіндік жұмыс.

      Алдын- ала өлшем бірліктері арасындағы қатынасты қайталап барып орындайды.

Үйге тапсырма.  49-бет.№4

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.