2санын қосу және азайту.


37 Сабақ

Сабақтақырыбы:  2санын  қосужәнеазайту.

 

Сабақмақсаты:ондықтан аттайтын жағдайларда 2 санын  қосу мен азайту әдістерімен таныстыру.

 

Сабақ  міндеттері:

Білімділік: 2 санын  қосу мен азайту тәсілін түсіндіре отырып орындауға 

                    жетелеу,екі амалмен шығарылған есепті шығаруға төселдіру.

Дамытушылық: Оқушылардың ой белсенділіктерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды нақтылық пен тиянақтылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақ типі: аралас сабақ

Сабақ әдіс-тәсілдері: түсіндіру,ауызша есептеу, сұрақ – жауап,талдау,өз бетінше жұмыс

Сабақ көрнекілігі: жолақшалар, оқулық, кесте

 

  Сабақ барысы:                  І.   Ұйымдастыру

                                             ІІ.  Өткенді қайталау.

ІІІ.  Жаңа сабақ.

Ребус шешу.

Шешуі:  екі

Санамақ.     

                 Бір  дегенім – бесік,

                 Шықтық содан өсіп.

                 Екі  дегенім – елім,

                 Далам , тауым, көлім.

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "2 санын қосу және азайту ".

№1.  Түсіндірме мәтін.

№2.  а)

Қайың – 20

                                             Барлығы - ? ағаш

Жөке ағашы – 16

 

Шешуі:   20+16= 36

Жауабы:  барлығы 36 ағаш өсіп тұр

ә)

Жөке ағашы – 16

                                                 36  ағаш өсіп тұр

Қайың      -  ?

 

Шешуі:   36 – 16 = 20

Жауабы:  20 қайың ағашы өсіп тұр

 

Сергіту сәті.

   Бір , екі, үш,

Ал кәнеки, ұш.

Төрт, бес, алты,жеті,

Мынау ауыл шеті.

Сегіз, тоғыз, он,

Ал кәнеки, қон.

 

№3.   Өрнекті жаз және мәнін тап:

1+ ( 1 + 9 ) = 11

( 11 – 1) – 8 = 2

2 + ( 10 – 1) = 11

( 11 – 2 ) – 7 =  2

 

№4.   Теңдеулерді шеш:

 

а + 2 = 11                  11 – а =  2                а – 2 = 9

а = 11 – 2                   а = 11 – 2                 а =  9 + 2

а = 9                           а = 9                         а = 11

9 + 2 = 11                  11 – 9 = 2                 11 – 2 = 9

    11 = 11                          2 = 2                         9 = 9

 

Үйге тапсырма :   №4   67- бет.

Қорытындылау: 

Үш топқа әр түрлі геометриялық  фигуралар  таратылады ( шаршы, үшбұрыш, тік төртбұрыш ) .   Әр фигураның  екінші бетінде мысалдар жазылған.  Тапсырманы дұрыс орындаған топ өз фигураларын орналастырып, мысық, қоян, үйрек т.б. мүсіндер құрастырады.

Бағалау.

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.