44 Сабақ
Тақырыбы: Қатемен жұмыс. Білімді тиянақтау.
Мақсаты: Оқушының алған білім, білік, дағдыларын тексеру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: есептерді шығару арқылы оқушы білімін тиянақтау.
Дамытушылық: оқушының ойлау, өз бетімен жұмыстана білу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, есептерді тез шығара білуге
тәрбиелеу.
Түрі: жарыс сабақ.
Әдісі: өз бетімен жұмыс, көрнекілік әдісі, сұрақ-жауап.
Типі: білімді жүйелеу, тиянақтау сабағы
Көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, күннің бейнесі.
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі: а) оқушының сабаққа дайындығын тексеру.
ә) сабақтың мақсатымен таныстыру.
б) 3 топқа бөлу.
ІІ. Негізгі бөлім:
а) Қатемен жұмыс орындау.
ә) Білімді тиянақтау. Білімді рейтинг жүйесі бойынша бағалау.
І топ | ІІ топ | ІІІ топ | |||
1 тапсырма. Өз бетімен жұмыс. (дәптерге орындап, мұғалім тексереді.)
| |||||
8+5 14-5 | 13-5 9+5 | 5+8 14-9 | |||
2 тапсырма
Көп білетін оқушы, Тақта алдына келеді. Теңдеудің де жауабын, Дұрыс тауып береді. Әр топтан екі оқушы тақтаға шығады.
| |||||
x+5=12 x+5=13 | 12-x=5 13-x=5 | x-5=7 x-5=8 | |||
3 тапсырма
Интерактивті тақтамен жұмыс Өрнекті жаз және мәнін тап. | |||||
а мен 5 санының қосындысы а=60 а мен 5 санының айырмасы а=65 | а мен 5 санының қосындысы а=64 а мен 5 санының айырмасы а=69 | а мен 5 санының қосындысы а=9 а мен 5 санының айырмасы а=14 | |||
Сергіту жаттығуы Орнымыздан тұрайық, Қолды алға созайық. Бір отырып, бір тұрып, Демімізді алайық. | |||||
4 тапсырма
Интерактивті тақтамен жұмыс. Тақтадағы есепті оқып, қысқаша шартын жазып, шығарайық. Үш топқа да бірдей тапсырма беру. | |||||
Мектепте 4 тәрбиеші және одан 20-сы артық мұғалім бар. Мектеп ұжымында барлығы неше адам жұмыс істейді? Тәрбиеші -4 ? Мұғалім -? 20-сы артық Шешуі: (өрнек құру) Жауабы:
| |||||
ІІІ. Қорытынды бөлім:
Сабақты сұрақ-жауап әдісі арқылы қорыту. Рейтинг жүйесі бойынша бағалау. Топтағы барлық бала тапсырманы дұрыс орындаса бір күн алып отырады. Дұрыс орындамаса ештеңе берілмейді.
Қорытынды сөз:
Оқы талмай, түй санаңа жас бөбек,
Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.
Таза ұстап, оқы мені қастерле,
Бар білімді мен егемін ойыңа, - дей отырып білімнің бәрін біз кітаптан оқып үйренеміз. Сондықтан егеменді еліміздің білімді азаматы болып өсу үшін ерінбей ізденіп, біліміңді шыңдай түсулерің қажет. Бар білім-кітапта.
Үйге тапсырма: №6 (80 бет)
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.