8-ді қосу және азайту.

54 Сабақ

 

Сабақтың тақырыбы: 8-ді қосу және азайту.

Сабақтың мақсаты:  Ондықтан аттап 8-ді қосу және азайтумен таныстыру.

Білімділік:   8-ді қосу және азайтудың  кестелік  жағдайларын  екі амалдан тұратын өрнек-

                   термен,  есептеулермен байланысты іс-әрекеттерге  қолдануға машықтандыру.

                    Екі амалмен шығарылатын есепті» сонша» ұғымымен байланыстырып шыға-

                                  руға үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін

                                  дамыту.

 Тәрбиелік: Адамгершілік қағидаларын ұстана отырып,  эстетикалық тәрбие  беру.

Сабақтың  түрі : аралас сабақ

Әдіс –тәсілдері:  түсіндірмелі, ойын, сұрақ –жауап.

Көрнекілігі:  оқулық, интерактивті тақта

Барысы:  І. Алғашқы ұйымдастыру.

Психологиялық  дайындық

Бір, екі, үш

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

 

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.№5 тапсырма тексеріледі.

ІІІ.Өткен  тақырыпты еске түсіру.

« Жұбын тап» дидактикалық ойыны: 16 дегеніміз 8  және .....

                                                                 14 дегеніміз 7 және ....

                                                                 13 дегеніміз 9 және    т.сс

  

  ІV .Жаңа білімді  меңгерту.

№1 тапсырманың а)бөлігіндегі түсіндірмені интерактивті тақтадан  көрсете отырып 8-ді қосу және  азайту  түсіндіріледі.

8-ге 8-ді қосу үшін 8-ді 10-ға  толықтырамыз, қалғанын қосамыз.(8+2+6  =16)

16-дан 8-ді азайту үшін, алдымен 6 бірлік, сосын 10-ның 2-еуін азайтамыз, сонда 8 қалады.

ә ) бөлігі  8-ді қосу , азайту кестесіне сүйеніп орындалады.

№2  Математикалық диктант түрінде орындалады.

(8+2)+6                                              (9+1) +7

(16 -6) -2                                            (17 -7 ) -1

 

Сергіту сәті.

 

№3  Тапсырма  ауызша орындалады. 

1-ші бөлігі  есеп емес. Өйткені  амал орындалмайды.

Болды-100 өгізше

Сатылды – сонша (100)

Қалды -?

Шешуі:  100-100 =   0

№ 4   бірінші  бөлігі  есеп.

 Болды -6 трактор                         

 Берілді-сонша (6)

 Барлығы -?

Ш: 6+6  12      Жауабы:12 трактор болды

 

№6

Комбайн – 10                                             барлығы ?  комбайн мен трактор                        

Трактор – 6 , тағы сонша берілді  

Шешуі: 10+(6+6)    22   Жауабы: барлығы 22 комбайн  мен трактор

 

V.  Бекіту.  Үлестірмелі  парақшалар арқылы

1)      17-8      12      8     8+7

         12-8      15      9    6+8

         15-7      14      4    4+8

Мысалды   сызық арқылы жауабына қосу.

2)  Мына  өрнектің  мәнін тап:

10-8

а)  4    ә)3    б) 2

 

VІ. Үйге тапсырма :№6 97 - бет

 

VІІ. Бағалау

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.