Көпбұрыштың периметрі


59 Сабақ

 

Сабақ тақырыбы: Көпбұрыштың периметрі

Сабақ мақсаты: Көпбұрыштың периметрін табу ережесімен таныстыру.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Периметрді табуға байланысты есептер шығарту.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,жылдам,тез есептеуге баулу.

Тәрбиелік:Оқушыларды есеп шығару барысында шапшаңдыққа,жылдамдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Сабақ түрі: Сайыс сабақ.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,топтық,жеке,ұжымдық.

Қолданылатын құрал: Интерактивті тақта,кесте.

 

                                                 Сабақ барысы:

1.Алғашқы ұйымдастыру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Оқушыларды үш топқа бөлу,әр топтың топбасшыларын таныстырады.

    1 – топ: Үшбұрыш.

    2 – топ: Төртбұрыш.

    3 - топ:    Шаршы.

2.Үй тапсырмасын тексеру.№5,6. Бұрыш түрлері және олардың қасиеттері.

 

3.Жаңа сабақ.

 . Көпбұрыштың периметрі – оның қабырғалары ұзындықтарының қосындысы.

- Балалар,біз бүгін үшбұрыш,төртбұрыштың периметрін табуға байланысты есептер шығарамыз.Әр есептің өзіндік ұпайы бар.Жинаған ұпайына қарай жеңіске жеткен топ анықталады.

 

№2 - 20 ұпай.

Есеп құрастыр және шығар:

а)Қалам – 50 теңге                                                         ә)Қалам – 50 теңге

   Дәптер - ?, 40 теңге арзан                                             Дәптер - ? 40 теңге арзан

   Шешуі: 50-40 = 10                                                             Барлығы - ?

   Жауабы: Дәптер 10 теңге тұрады.                                Шешуі: 50+(50-40) = 60 

                                                                                            Жауабы:Барлығы 60 теңге.

 

№3 – 30 ұпай.

Өрнекті жаз және оның мәнін тап:

50+а                  а = 9;42;

50+9 = 59             50+42 = 92

 

76-а                    а = 4;40;

76-4 = 72              76-40 = 36

 

№4. «Кім жылдам?» ойыны. 30 ұпай 

60+а = 65                     49-а = 43                97-а = 7

 

№5.Математикалық диктант.30 ұпай

9+2          9+3           9+4         9+5           9+6

8+3          8+4           8+5         8+6           8+7

7+4          7+5          7+6          7+7           9+9

 

6-тапсырма.Әр топтың басшыларына арналған. 20 ұпай.

Берілген алгоритм бойынша қай топ басшысы дұрыс және бұрын шаршы салып,периметрін табады.

Шаршы салу алгоритмі:

1.Түзу сыз;

2.Оның бойынан 3 см кесінді өлшеп,сал;

3.Кесіндінің ұшынан тік бұрыш сал;

4.Оның қабырғасынан 3 см кесінді өлшеп сал;

5.Кесінді ұшынан тік бұрыш сал;

6.Оның қабырғасынан 2 см кесінді өлшеп,сал;

7.Кесінді ұшынан тік бұрыш сал.

 

4.Үйге тапсырма. №6

5.Бағалау.

-- Әркім көңіл күйіне қарай тиісті бағасы бар геометриялық фигураны таңдайды.

- Кім бәрін түсіндім,сабаққа белсенді қатыстым,беске жауап бердім деп санасы – күлімсіреген үлкен фигураларды алыңдар,яғни өздеріңе «5» қойыңдар.

- Кім жауапты толық бере алмадым,дұрыс жауап бердім,жақсы жұмыс істедім деп ойласа – кішірек фигураны алсын «4».

- Кім ойланатын нәрсе бар,бұл сабақта аз жұмыс істедім,бірақ келесі сабақта міндетті түрде тырысамын десе – көңілсіз «3» фигураны таңдайды.

- Көңілсіз фигураны ешкім таңдап алмайды деп ойлаймын,бәрің жақсы еңбектендіңдер.Сабақ үшін рақмет,балалар!

6.Сабақты қорытындылау.

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.