61 Сабақ
Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы.
Сабақтың мақсаты: 1) қосу, азайту амалдарынан тұратын өрнектермен, есептеулермен байланысты іс-әрекеттерді бекіту.
2) оқушылардың есептеу, ойлау дағдыларын дамыту.
3) оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру. Отан үшін, халық үшін,
Талмай еңбек етеміз.
Оқып-білім, құлшынамыз,
Жеңістерге жетеміз.
- Бақылау жұмысы.
1-нұсқа.
1-есеп. Бір таңбалы сандарды өсу ретімен жаз.
2-есеп. Ондықтарын, бірліктерін ажыратып көрсет.
17 = ...онд ...бірл 5онд. 5бірл= ...
27 = ...онд ...бірл 9онд. 9бірл= ...
23 = ...онд ...бірл
3-есеп. Есепті шығар.
Бақшадан 30кг қызылша және 40кг сәбіз жиналды. Барлығы неше килограмм көкөніс жиналды?
4-есеп.Теңдеуді шеш.
40-х= 20 х+10 = 30 7-х = 2
5-есеп. Қабырғасы 5см болатын шаршы сыз. Периметрін тап.
2-нұсқа.
1-есеп. Екі таңбалы сандарды кему ретімен жаз.
2-есеп.Ондықтарын, бірліктерін ажыратып көрсет.
28= ...онд ...бірл 4онд. 9бірл= ...
33 = ...онд ...бірл 7онд. 8бірл = ...
89 = ...онд ...бірл
3-есеп. Есепті шығар.
Мақсат 9кг қияр жинады, ал Мұрат одан 2кг қияр кем жинады. Мұрат неше килограмм қияр жинады?
4-есеп. Теңдеуді шеш. 30-х= 10 х+15= 20 8-х = 3
5-есеп. Қабырғалары 3см және 4см болатын төртбұрыш сыз. Периметрін тап.
- Қорытынды.
- Бағалау.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.