Сабақтың білімділік мақсаты: Оқушылар қосу мен азайту компонеттерін айыра алады.
Дамытушылығы:Есептеу дағдысы қалыптасады..Ауызша есептей алады..Логикалық ойлары жетіледі..
Тәрбиелік:шапшандыққа,адамгершілікке тәрбилеу.
Сабақтың түрі:жаңа
Сабақтың әдісі:жеке,жұптық ,топтық
Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер,стикер,карточкалар ,интербелсенді тақта,смаилдар
Сабақтың барысы:Ұйымдастыру кезеңі
-Шаттық шеңбері(бір-біріне сәттілік тілейді)
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің ізетті.
Ал,қанеки бәріміз
Сәлем дейік үлкенге.
Сәлеметсіздер ме,апайлар!
-Топқа бөлу -суреттер қимасы арқылы бөлу
Бағалау критерилерін оқушыларға айтып кету
Миға шабуыл :жұмбақты есептер
Ағайынды бес құрдас,
Бірдей болып еш тұрмас(саусақтар)
Көкте бір дәу,
Жан-жағы мың бір әлем (ай мен жұлдыз)
Кезікті бір жануар
Үстінде екі тауы бар.(түйе)
Екі семсер айқасқан,
Оқта-текте шайқасқан (қайшы)
Таңертен тұрдым
Екі жолды қудым (шалбар)
Негізгі кезең: Проблема туғызу
Математикалық диктант
-Бірінші қосылғыш 5,екінші қосылғыш 5,қосындының мәнінен 7 санын азайт.
-9-ды 3-ке арттыр жауабынан 2-ні азайт
-
Қосындының және айырманың компонеттерін еске түсіру
-Қосудың компонентерін ата.
Азайтудың компонентерін ата.
Қосылғыш+қосылғыш=қосындының мәні
Азайғыш- азайтқыш =айырманың мәні
Карточкалық тапсырмалар:
№1
Кестені толтыр: «Әткеншек»ойыны –топтар бір-бірін тексереді
1 топ:
Қосылғыш | 5 | 10 | 7 | 5 | 12 | 30 | 20 | 35 | 25 |
Қосылғыш | 9 | 7 | 9 | 6 | 5 | 4 | 2 | 5 | 4 |
Қосындының мәні |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 топ:
Азайғыш | 10+8 | 10+9 | 7+9 | 2+8 | 25+5 | 32+4 | 20+5 | 14+4 |
Азайтқыш | 8 | 9 | 6 | 5 | 5 | 6 | 5 | -8 |
Айырманың мәні |
|
|
|
|
|
|
|
|
№2Теңдеуді шеш: Жұптық жұмыс
1топ; 3+х=9 10-х=3 2 топ; х-30=60 х-20=20
40+у=80 х-30=50 100-х=40 15+х=30
Жест арқылы бағалау
Сергіту сәті:би қимылдары «Две половинки»
Бекіту:Интербелсенді тақтамен жұмыс
№4 Сөзесеп:1.Аулады 8 ақ және 7 қызыл раушангүл өсіп тұр.Гүлшоғын құрастыру үшін 5 раушангүл қиып алынды.Аулада неше раушангүл қалды.
2.Саяхатшылар қалаға дейін 3 сағат автобуспен,7 сағат пойызбен жүрді және 5 сағат қайықпен жүзді.Олар барлығы неше сағат жолда болды.
№5Шығармашылық тапсырма:Әр топ тақырыпқа байланысыты 5 жолды өлең құрастырады
1топ «Қосынды», «Есеп»сөздеріне.Стакан әдісі бойынша бағалау
№6 Көрсетілген екі жиынға бірігетін төмендегі элементтерді шеңберге сызық арқылы қос.
![]() |
Қорыту: Оқушылар стикер арқылы сабақты бағалайды.

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.