Сабақтың тақырыбы: 17.Белгісіз бөлгішті табу
Мақсаты: Белгісіз бөлгішті табудың тәсілін қарастыру, түсіндіру.Есептер шығару,өрнектердің мәндерін табу.Есептеу дағдысын жетілдіру.Қазақстан қорықтары туралы білім беру.
Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі
2. Білім.1 Тапсырманы орында.Қорытынды жаса.
Үлгі:
6: 3 = 2 | 6: 3 = 2 теңдігінде: 6- бөлінгіш,3- бөлгіш, 2-бөліндінің мәні |
6:2 =3 | Бөлінгіш 6-ны , бөліндінің мәні 2-ге бөл. Не шықты? |
3. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.
Егер бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлсе, онда бөлгіш шығады.
Түсіну.№2 Теңдік тура болу үшін, бос орынға қандай сан қою керек:
12: 6 = 2 4:2 =2 8:2 =4
12: 2 = 6 теңдігінде бөлгіш белгісіз.Егер бөлінгіш 12-ні бөліндінің мәні 6-ға бөлсек, онда бөлгіш шығады.Бұл сан – 2
12:2= 6
Белгісіз бөлгішті табу үшін, бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлу керек.
4. Қолдану.
№ 4 Белгісіз бөлгішті тап:
10: 5 =2 14 : 2= 7 25 : 5 = 5 20: 5 = 4
6..Жинақтау №6 Өрнектердің мәнін тауып, оларды кему ретімен орналастырсаң, Ақсу Жабағалы қорығының нышан гүлінің атауын оқисың:
8*5 | 6*6 | 4*8 | 64-40 | 3*7 | 5*3 | 6*2 | 54-45 | 32-24 |
қ | Ы | з | Ғ | А | л | д | а | қ |
№7 1. Біздің елімізде 66 қорықша бар, ал қорғалатын табиғи парктердің одан 30-ы кем.Біздің елімізде қорғалатын табиғи парктер саны қанша?
Шешуі:66-30 = 36
Жауабы: 36 табиғи парк
2. Біздің елімізде 9 қорық бар, хайуанаттар парктерінің санына қарағанда олардың 6-уы артық. Біздің елімізде барлығы неше қорық пен хайуанаттар паркі бар.?
Шешуі 9+ (9-6)=12
Жауабы 12
8.Қорытындылау.
9.Үйге тапсырма : № 5,9 – 34 бет
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.