Сабақтың тақырыбы: 36.Белгісіз бөлінгішті, бөлгішті табуға арналған есептер
Мақсаты: Белгісіз бөлінгішті, бөлгішті табуға арналған есептердің шығару тәсілін меңгерту арқылы өткен тақырыпта алған білімдерін жетілдіру.Бөлудің компоненттерін қайталау.
Сабақтың барысы: 1.Білім
3 балаға 4 жидектен бөлініп берілді.Барлығы неше жидек бөлініп берілді?
Х:3= 4
Х =4*3
Х =12
12:3= 4 жауабы: 12 жидек
Белгісіз бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлсе, онда бөлгіш шығады.
24 жаңғақ әр сыйлықта 8 жаңғақтан болатындай етіп, бірнеше сыйлыққа салынды. Неше сыйлыққа жаңғақ салынды?
24:х= 8
Х= 24:8
Х=3
24:3=8 жауабы: 3 сыйлық
Белгісіз бөлгішті табу үшін, бөлінгішті бөліндінің мәніне бөлу керек.
2.Түсіну №2
1.Есептерд теңдеу құру арқылы шығар: 1. Саябаққа әрбір қатарға 3 шыршадан отырғызғанда , 7 қатар болды. Неше шырша отырғызылды??
Х:3=7, жауабы 21 шырша
2. 27 өрікті тәрелкелерге тең бөліп салғанда, 9 тарелке қажет болды. Әрбір тарелкеге неше өрік салынды? 27:Х=9 , жауабы 3 өріктен
3.Қолдану №4 кестені толтыр:
Бөлінгіш | 10 | 12 | 8 | 18 | 24 | 12 |
Бөлгіш
| 5 | 3 | 4 | 3 | 3 | 2 |
Бөліндінің мәні | 2 | 4 | 2 | 6 | 8 | 6 |
4.Жинақтау Өткен материалмен жұмыс № 7 уақытқа:
1.Бірнеше сәбіз 3 дорбаға тең бөлініп салынды. Сонда әр дорбада 9 сәбізден болды. Барлығы неше сәбіз болды? 3*9= 27
2.18 марканы тең бөліп, әр бетке жапсырса, әр бетте 9 маркадан болады. Сонда 2 бетке марка жапсырылды. 18:9= 2
5.Рефлексия
6.Үйге тапсырма : №5; 6 – 66 бет
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.