Математика
Пәнді оқыту мақсаты – ұлттық және жалпыазаматтық құндылықтар негізінде тұлғаның интеллектуалды дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған математиканың базистік негізін сапалы игеруді қамтамасыз ету; көрнекі-бейнелі, логикалық және абстрактты ойлауды қалыптастыру, негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игеруге практикалық негіз жасау.
Оқытудың міндеттері:
тұлғаның зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, сонымен қатар математика тілінде сөйлеу, психомоторика тәрізді функциональдық қасиеттерін дамыту; көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауын дамыту;
бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау, жоспар бойынша әртүрлі іс-әрекеттер жасау, оның ішінде ойлау қызметін (талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;
оқытуды білімнің келесі деңгейлерінде жалғастыру үшін оқушыға қажетті математикалық білім мен білікті, есептеу, өлшеу және графиктік дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын-ала мақсатты дайындықты жүргізу;
оқуға деген ынтасын, математикаға деген оң көзқарасы мен қызығушылығын, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару дағдысынқалыптастыру;
стандартты емес және қызықтылық сипаттағы тапсырмалар негізінде жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мәселелерді шешу арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;
баланың тұлғалық қасиеттерін, яғни жауапкершілік, белсенділік, мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу;
қарым-қатынас мәдениетін, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзін белсенділігін көрсетуді, патриоттық сезімді тәрбиелеу, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, математика ғылымының дамуы барысында жинақталған құндылықтарға қатыстыру кіреді.
Математиканы оқыту ерекшелігі:
Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.) оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде білім, білік, іс-әрекет, дағды қалыптасады.
Білім берудің бастауыш деңгейінде «Математика» пәнiнен берілетін базалық білім мазмұны: теріс емес бүтін сандар арифметикасы; алгебра элементтері; геометрия элементтері деп аталатын үш тараудан тұрады.
Пәнді игертуде 1000000-ға дейінгі натурал сандар және нөл санының арифметикасы, негізгі шамалар, алгебра мен геометрия элементтерін негізгі орта мектепте білімді жалғастыру үшін құрылған.
1,3,4-сыныптарға арналған оқулықтардың өңделмеуі, 2013 жылғы пән бағдарламасы мазмұнындағы жаңа өзгерістерге орай, 1 - сыныпта 6 сағаттық мөлшермен жаңа «10-нан 20-ға дейінгі сандар» тақырыбы енгізілген. Сонымен қоса 1-сыныптың соңында 2-сыныпта оқытылатын «100-ге дейінгі сандар» тақырыбын оқытуға дайындық жұмысы жүргізіледі.
2-сынып пәнінің мазмұны 1-сынып бағдарламасы мен оқулық мазмұнына бейімделе жазылған. 2-сыныптың басындағы «Қайталау» тарауы 1-сыныпта алған білімді жетілдіру мен жүйелеуді мақсаттайды.
2 сынып оқушыларына «Көбейту мен бөлу амалдары» тақырыбын игертуге 20 сағат бөлінген. Бөлінген сағат көлемі оқушылардың тақырыпты толық игеруіне септігін тигізеді.
3-сынып оқушыларына «Біртаңбалы сандарды көбейту және бөлудің сәйкес жағдайлары», «1000-ға дейінгі жазбаша қосу мен азайту», «Шамалар арасындағы тәуелділік», «100-ге дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері», «Шамалардың бірліктері: ұзындық, масса, аудан, көлем», «1000-ға дейінгі көбейту мен бөлудің жазбаша тәсілдері» тақырыптары меңгертіледі.
3-сынып оқушылары көбейту мен бөлу кестесін жатқа білулері қажет.
4-сыныптағы пән мазмұнында айтарлықтай өзгеріс жоқ.
Бастауыш білім мазмұнын меңгерудің пәндік нәтижелері бес балдық бағалау жүйесімен бағаланады.
Бақылау нысандары тест тапсырмалары, бақылау, өздік жұмыстар, ауызша сұрақ-жауап, әңгімелесу түрінде өткізу ұсынылады.
1-4 - сыныптардағы «Математика» пәнінен ағымдық бақылау нысандары жазбаша, ауызша түрде ұйымдастырылады. Ағымдық бақылау жұмыстары аптасына 1 реттен артық өткізілмейді.
Тақырыптық бақылау жұмыстарын жазбаша түрде ұйымдастыру ұсынылады.
Математика пәнінен ұйымдастырылатын қорытынды бақылау бақылау жұмыстары мен кешенді тестік тапсырмалар арқылы ұйымдастыруға болады.
1-4 – сыныптарға арналған «Математика» пәнінен бақылау жұмыстарының тоқсандар бойынша саны (2-кесте) ұсынылады:
2-кесте – 1-4 сыныптарға арналған математика пәнінен бақылау жұмыстары
1 - сынып | ||||
| 1 тоқсан | 2 тоқсан | 3 тоқсан | 4 тоқсан |
Бақылау жұмысы | 2 | 2 | 3 | 3 |
Өздік жұмысы | 2 | 2 | 3 | 3 |
Барлығы: | 4 | 4 | 6 | 6 |
2 - сынып | ||||
| 1 тоқсан | 2 тоқсан | 3 тоқсан | 4 тоқсан |
Бақылау жұмысы | 2 | 2 | 3 | 3 |
Өздік жұмысы | 2 | 2 | 3 | 3 |
Барлығы: | 4 | 4 | 6 | 6 |
3 - сынып | ||||
| 1 тоқсан | 2 тоқсан | 3 тоқсан | 4 тоқсан |
Бақылау жұмысы | 2 | 2 | 3 | 3 |
Өздік жұмысы | 2 | 2 | 3 | 3 |
Барлығы: | 4 | 4 | 6 | 6 |
4 - сынып | ||||
| 1 тоқсан | 2 тоқсан | 3 тоқсан | 4 тоқсан |
Бақылау жұмысы | 3 | 2 | 3 | 4 |
Өздік жұмысы | 2 | 2 | 3 | 3 |
Тестік тапсырмалар | - | 1 | - | 1 |
Барлығы: | 5 | 5 | 6 | 8 |
Математика пәні бойынша 1-4-сыныптардағы оқу жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 132 сағат, 2-сыныпта: аптасына 4 сағ, барлығы 136 сағат, 3-сыныпта: аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағат, 4-сыныпта: аптасына 5 сағ, барлығы 170 сағат.
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.