Дүниетану
Пәнінің мақсаты – қоршаған әлем тұтастығы туралы білім мен адамзаттың табиғатпен қарым-қатынас жүйесі негізінде жалпыадами құндылықтарды қалыптастыру.
Негізгі міндеттері:
туған жерінің табиғатына деген сүйіспеншілігін қалыптастыру;
оқушыға қоршаған ортаның әр алуандығын, тұтастығын, құндылығын, ондағы өзінің орнын сезінуге мүмкіндік беру;
күнделікті өмірде, зертханалық жұмыстарды орындау мен табиғатқа саяхат кезінде қауіпсіздік ережелерді сақтауға дағдыландыру;
«адам – табиғат» жүйесіндегі өзара қарым-қатынас жағдайын ұғындыру;
танымдық қызығушылығын, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту;
қоршаған ортаны сақтау мен қорғауға тәрбиелеу;
картадан өз Отаны мен туған жерінің өзен-көлдерін, тауы мен пайдалы қазбаларды көрсетуге үйрету;
тірі және өлі табиғат нысандарын ажырату білігін дамыту;
танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін алған білімдерін қолдана білу, туған жердің табиғи байлықтары, өсімдіктері мен жануарлары туралы қосымша ақпараттар іздестіре білу дағдыларын қалыптастыру;
бақылау, өлшеу, салыстыру дағдыларын қалыптастыру, өмірлік тәжірибелерін жетілдіру;
адам мен табиғаттағы тіршілік әрекетінің өзара байланысын, қоршаған орта заңдылығын, құбылысын, нысандарын меңгерту және оқушылардың адамның қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы туралы түсініктерін кеңейту;
жаратылыстану ғылымы пәндерін одан әрі меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларын жетілдіру.
Пәнді оқыту ерекшелігі: 2013-14 оқу жылында «Шетел тілі» пәнінің
1-сыныпқа ендірілуіне байланысты «Дүниетану» пәні 1 сағаттан оқытылады. Ал 2-4-сынып оқушылары «Дүниетану» пәнін оқу жылы көлемінде аптасына
2 сағатпен оқуды жалғастырады. 2-сынып «Дүниетану» оқулығының жаңадан жазылып, пән мазмұнның өзгеріске ұшырауына байланысты, 1-4 сыныптар үшін тақырыптық жоспарлау үлгісі ұсынылды
Бастауыш сыныптарда «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» курсының тақырыптары «Дүниетану» пәні сабақтарына төменгідей кіріктіріледі:
№ | Тақырыптар | Сағат саны |
1- сынып | ||
1. | Қоршаған әлем. Табиғат құбылыстары. | 1 |
2. | Адам. | 1 |
3. | Табиғат. Ауа райы. | 1 |
4. | Қыс. | 1 |
5. | Көктем. | 1 |
6. | Өсімдіктердің адам өміріндегі мәні. | 1 |
| Барлығы: | 6 |
2- сынып | ||
1. | Адамныңайналадағыдүниеменқарым-қатынасы. Адамжәнетабиғат. | 1 |
2. | Табиғат.Ауа. | 1 |
3. | Табиғат. Су. | 1 |
4. | Табиғат. Топырақ. | 1 |
5. | Өсімдіктердіңтіршілігі.Өсімдік – тіріағза. | 1 |
6. | Табиғатты қорғау ережесі. | 1 |
| Барлығы: | 6 |
3- сынып | ||
1. | Адам – табиғат перзенті. | 1 |
2. | Табиғат және адам. | 1 |
3. | Ауа. Су. Ауа райы | 1 |
4. | Таужыныстарыжәнеонықорғау. Мұнай және табиғи газ. | 1 |
5. | Адамдардыңөсімдіктіөзпайдасынажаратуы. | 1 |
6. | Бунақыденелілер. | 1 |
| Барлығы: | 6 |
4-сынып | ||
1. | Табиғат. Адам әрекетінен жер бетінің өзгеруі. | 2 |
2. | Пайдалы қазбалар, олардың топтары. | 1 |
3. | Су. Су айналымы. | 2 |
4. | Ауаны ластаушы заттар. | 1 |
5. | Ауа райын бақылау күнделігімен жұмыс. | 1 |
6. | Қауіпсіздік ережелері. | 1 |
7. | Жер –ғарыш денесі. | 2 |
| Барлығы: | 10 |
Барлығы1-4 - сыныптарда | 28 сағат | |
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.