Мектеп. Лексика.

Сабақтың   тақырыбы:  Мектеп. Лексика.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

                                     лексиканы  түсіндіру, сауатты жазуға  және  сөйлеуге  үйрету;

                                      ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                     қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

                                     қалыптастыру;

                                      б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді 

                                     құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: жаңа  сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: лексиканы  меңгеру, өз мектебі  жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың  барысы:

         І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу           - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

Жазғы  демалысты  қалай өткізгендерін сұрау. Өтілген тақырыптарды  еске түсіру.

         ІІІ. Жаңа  сабақ

1-тапсырма. Сөйлесуді  толықтыру.

 - Сенің  ұлтың кім?

 - ... .

 - Сенің  атың, фамилияң кім?

 - ... .

 - Сен нешінші сыныпта оқисың?

 - ... .

2 – тапсырма. Мәтінді оқып, сөйлемдерге  сұрақтар  қойып, көшіріп  жазыңдар.

3 – тапсырма. «Кезекші» өлеңін оқып, мағынасын түсіндіріңдер.

             Дайындаймын картаны,

             Сүртем тақта, партаны.

             Гүлдерге су құямын.

             Қоқыс болса, жиямын.

             Кезекшімін мен енді,

             Тазартамын еденді.

             Терезе, есік жуамын,

             Шаң,тозаңды қуамын.  (Ш. Мамасерікова)

                 Ережемен  жұмыс

Лексика – сөз мағынасын  және сөз байлығын  зерттейтін  ғылым.

               ІV. Бекіту бөлімі

   Сұрақтар қою арқылы  бекіту

              V. Үйге тапсырма

 3-тапсырма (Өлеңді  жаттау)

4 – тапсырма («Мектеп» тақырыбы  бойынша  кестені  толтыру)

              VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша  бағалау. 

              VІІ. Сабақты  қорытындылау

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.