Мектеп ғимараты. Синоним.


Сабақтың тақырыбы:  Мектеп  ғимараты. Синоним.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

                                     синонимді  түсіндіру, сауатты жазуға  және  сөйлеуге  үйрету;

                                      ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                     қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

                                     қалыптастыру;

                                      б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді 

                                     құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, венн диаграммасы, бес жолды өлең

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: синонимдерді  меңгеру, мектеп ғимараты жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың  барысы:

         І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу           - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

3-4 тапсырманы сұрау.

         ІІІ. Жаңа  сабақ

1-тапсырма.  Сөйлесуді  толықтыру.

 - Сенің мектебіңнің ғимараты қандай?

 - ... .

 - Биыл қандай жөндеу жұмыстары жүргізілді?

 - ... .

2 – тапсырма. «Мектеп ғимараты» мәтінін оқып, сұрақтар құраңдар.

3 – тапсырма. Берілген сөздердің синонимдерін тауып, сөйлем құраңдар.

        Қайратты, кең, өмір, мереке, жасау, дайындау, бірінші

       Бес жолды өлең

1. Зат есім – мереке

2. Сын есім – алғашқы, халықаралық

3. Етістік – тойланады, дайындалады, өткізіледі

4. Сөйлем – Білім күні мерекесі 1 қыркүйекте тойланады.

5. Синоним – мейрам, думан, той

                      Ережемен  жұмыс

    Синоним сөздер – мағыналары  бірдей сөздер.Мысалы: ат – есім – ныспы; мұғалім-ұстаз-оқытушы; оқушы-шәкірт; әдемі-сұлу-әсем, т.б.

            ІV. Бекіту бөлімі

   Венн  диаграммасы                  Сұрақ: Мектеп ғимараты қандай?             

         Өткен жылы                           Биылғы  жыл

 

              V. Үйге тапсырма

«Болашақтағы мектеп ғимараты» тақырыбына әңгіме жазу.

Өздері іздеп, 5 синонимдік қатар табу.

              VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша  бағалау. 

              VІІ. Сабақты  қорытындылау

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.