Біздің мұғалім. Омоним.


Сабақтың тақырыбы:  Біздің  мұғалім. Омоним.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

                                     омонимді  түсіндіру, сауатты жазуға  және  сөйлеуге  үйрету;

                                      ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                     қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

                                     қалыптастыру;

                                      б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді 

                                     құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, бес жолды өлең

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: омонимдерді  меңгеру, өз мұғалімдері  жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың  барысы:

         І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу           - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

2- тапсырма.

         ІІІ. Жаңа  сабақ

1-тапсырма.  «Біздің  мұғалім» мәтінін оқып, мазмұнын айтып  беріңдер.

                        Омоним болатын сөзді табыңдар.

2 – тапсырма. Өз  мұғалімің туралы  айтыңдар.

1) мінезі (мейірімді, мейірбан, тік, ашық)

2) бойы (ұзын, қысқа, орта бойлы)

3) көзі, шашы (түсі – қара, сары, көк)

4) киімі (әдемі, жарасымды)

        Бес  жолды өлең

1. Зат есім – мұғалім

2. Сын есім – ұқыпты, үлгілі

3. Етістік – сабақ береді, түсіндіреді, әзірлейді

4. Сөйлем - Ұқыпты мұғалім сабақты уақытында әзірлейді.

5. Синоним – ұстаз, оқытушы

                      Ережемен  жұмыс

Жазылуы  бірдей, мағыналары  басқа сөздер омоним деп аталады. Мысалы:

Ара  - 1. пчела       2. промежуток    3. пила

Қара  - 1. черный     2. смотри

Түс  - 1. цвет  2. слез     3. сон     4. обед

         

              ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар  қою арқылы  бекіту.  

              V. Үйге тапсырма

 3 - тапсырма (Сұрақтарға жауап беру)

              VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша  бағалау. 

              VІІ. Сабақты  қорытындылау

 

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.