Таңғы, түскі, кешкі тамақ. Дауыссыз дыбыстар.


Сабақтың тақырыбы:  Таңғы, түскі, кешкі тамақ.  Дауыссыз  дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

                                     дауыссыз  дыбыстарды   түсіндіру, сауатты жазуға  және 

                                     сөйлеуге  үйрету;

                                      ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                     қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

                                     қалыптастыру;

                                      б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді 

                                     құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: дауыссыз  дыбыстарды  меңгеру, таңғы, түскі, кешкі тамақ  жөнінде

                                  өз пікірін айта   білу;

Сабақтың  барысы:

         І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу           - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

«Денсаулықты қалай  күту керек?» тақырыбына  әңгіме  жазу.

         ІІІ. Жаңа  сабақ

1-тапсырма.  Үлгі бойынша ас мәзірін дайындау.

             Ас мәзірі (меню)

Таңғы тамақ  - ботқа, нан, сүт қосылған шай, май.

Түскі тамақ - бесбармақ, палау, салат, компот

Кешкі тамақ – макарон, шай, май,

2 – тапсырма. «Таңғы, түскі және кешкі тамақ» мәтінін оқып, мәтінге  жоспар  құрыңдар,

                        мазмұндаңдар.

3 – тапсырма. Берілген сөздерге  фонетикалық талдау жасаңдар.

Тамақ  - та-мақ 1 буын – ашық буын, 2 буын – бітеу буын.

Т – дауыссыз, қатаң

А – дауысты, жуан, ашық, езулік

М – дауыссыз, үнд

А – дауысты, жуан, ашы, езулік

Қ – дауыссыз, қатаң.           5 әріп, 5 дыбыс бар.

                        Ережемен  жұмыс

  Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай үш түрге бөлінеді:

  1. Қатаң дауыссыздар: п,т,с,ч,ц,ф,х,ш,щ,к,қ -11
  2. Ұяң дауыссыздар: б,в,г,ғ,д,ж,з,һ – 8    3. Үнді дауыссыздар: р,л,м, н ,ң, й ,у – 7

     ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар  қою арқылы  бекіту.  

              V. Үйге тапсырма

 2-тапсырма (мәтінді  мазмұндау) 3 – тапсырма (сөздерге фон. талдау жасау)

              VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша  бағалау. 

              VІІ. Сабақты  қорытындылау

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.