Сабақтың тақырыбы: Тіл туралы мақал-мәтелдер. Бітеу буын.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
бітеу буынды түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, мақал-мәтелдермен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт.тақта
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: бітеу буынды меңгеру, мақал – мәтелдер жөнінде өз пікірін айта
білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Құрған сөйлемдерін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. Тіл туралы мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңдер.
1. Тілде тиек жоқ.
2. Тіл тас жарар, тас жармаса, бас жарар.
3. Өнер алды – қызыл тіл.
4. Тіл қылыштан да өткір.
5. Піл көтермегенді, тіл көтереді.
2 – тапсырма. Бірінші бағандағы сөздерді екінші бағандағы сөздермен мағынасына қарай
сәйкестендіріңіз.
3 – тапсырма. Берілген сөйлемдерді буынға бөліп жазып, ашық және тұйық, бітеу
буындарды табу.
«Жұбыңды тап» ойыны ( кеспелерден сөз тіркесін құрау)
шешен | ойланып | тыңда | оқы |
бол | үлкенді | мақал-мәтелдерді | болма |
тілазар | сөйле | тіл | жақсы |
ырыс | сөз | жарым | білімді |
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
V. Үйге тапсырма
1- тапсырма (Мақал-мәтелдерді жаттау)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.