Сабақтың тақырыбы: Менің досымның мінезі. Реттік сан есім.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
реттік сан есімді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, достарын сыйлауға,
достыққа адал болуға, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс, суреттермен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: реттік сан есімді меңгеру, өз досы жөнінде пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
3-тапсырманы тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. Суреттерге қарап отырып, кестені толтыру.
Кім? | Қайда? | Кімге? | Не істеді? |
... | ... | ... | ... |
Кім? | Кімге? | Нені ? | Не істеді? |
... | ... | ... | ... |
Кім? | Кімге ? | Неге? | Не істеді? |
... | ... | ... | ... |
Ережемен жұмыс
Реттік сан есім :екінші, жетінші, алтыншы, оныншы
Жұрнақтары: -ыншы, -інші, -ншы, -нші
Сұрақтары: нешінші ?
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
2-тапсырманы орындау
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.