Достықты бағалай біл. Етістіктің жіктелуі


Сабақтың тақырыбы:  Достықты бағалай  біл. Етістіктің жіктелуі

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

                                     етістіктің жіктелуін   түсіндіру, сауатты жазуға  және  сөйлеуге 

                                     үйрету;

                                      ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                     қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

                                     қалыптастыру;

                                      б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, достарын сыйлауға, 

                                     достыққа адал болуға, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік  тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: етістіктің жіктелуін меңгеру, өз досы жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың  барысы:

         І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу           - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

4-тапсырманы  тексеру.

         ІІІ. Жаңа  сабақ

1-тапсырма. «Інімнің досы»  мәтінін оқып, мазмұнын айту.

2-тапсырма. Берілген  кеңестерді аударып, мағынасын  түсіндіру.

4-тапсырма. Мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын  түсіндіру.

 5-тапсырма.        Деңгейлік тапсырмалар

          ІІІ  деңгей.

1. Көптік жалғауларын атап, мысал келтіріңдер.

2. «Досымның  мінезі» тақырыбына 4 сөйлем құрап жазыңдар.

            ІІ  деңгей.

1. Сөздің соңғы дыбысына байланысты, көптік жалғауларының жалғануын түсіндіріңдер.

2. Досыңмен кинотеатрға барғаныңды айтып беріңдер.

           І  деңгей

1. Қазақ  тіліндегі  көптік  жалғаулардың  орыс тіліндегі  окончания  множественного числа категориясынан қандай  айырмашылықтары барын көрсетіңдер. Мысал  келтіріңдер.

                 Ережемен  жұмыс

Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін  сөз табы етістік деп аталады. Сұрақтары: не істеді? қайтті?

                               Жіктік жалғауы

                                      Жекеше

І жақ. –мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін : оқушымын, дәрігермін, айтамын

ІІ жақ. –сың, -сің : оқушысың, дәрігерсің, айтасың

- сыз, - сіз: оқушысыз, дәрігерсіз, айтасыз

      ІІІ жақ. –ды, -ді, -ты, -ті:  оқушы, дәрігер, айтады

                        Көпше

      І жақ. –мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз: оқушымыз, дәрігерміз, айтамыз

      ІІ жақ.  – сыңдар, -сіңдер: оқушысыңдар, дәрігерсіңдер, айтасыңдар

сыздар, - сіздер:  оқушысыздар, дәрігерсіздер, айтасыздар

      ІІІ жақ. –ды, -ді, -ты, -ті: оқушылар, дәрігерлер, айтады

 

 

              ІV. Бекіту бөлімі

   Сұрақтар қою арқылы  бекіту

              V. Үйге тапсырма

 3-4 тапсырманы орындау

             VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша  бағалау.

             VІІ. Сабақты  қорытындылау

 

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.