Метро деген не? Ілік және барыс септіктері.


Сабақтың тақырыбы:  Метро  деген  не? Ілік және барыс септіктері.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты  мәлімет бере отырып,

                                      ілік және барыс септіктерін түсіндіру , сауатты жазуға  және   

                                      сөйлеуге   үйрету;

                                      ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                     қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

                                     қалыптастыру;

                                      б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді

                                     құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен  жұмыс, бес жолды өлең

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: ілік және барыс септіктерін  меңгеру, Алматы  қаласы 

                                   жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың  барысы:

         І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу           - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

  2-тапсырманы сұрау.

     ІІІ. Жаңа  сабақ

           Сөздікпен  жұмыс

қонақ үй – гостиница                ескерткіш - памятник

сауда – торговля                        мұражай - музей

1-тапсырма. Жоғарыдағы сөздікті пайдаланып, диалогты толықтырыңдар.

2 – тапсырма. «Метро деген  не?» мәтінін оқып, сұрақ құрау. Ілік  және барыс септігінде

                       тұрған  зат есімдерді теріп жазыңдар.(суреттермен жұмыс)

3-тапсырма. Суреттер бойынша әңгіме  құрау.

      Бес жолды өлең

1. Зат есім – қала

2. Сын есім – әдемі, үлкен

3. Етістік – қыдырамын, гүлденеді, бой көтереді

4. Сөйлем – Әдемі қалада үлкен ғимараттар бой көтереді.

5. Синоним – шаһар, кент

              Ережемен  жұмыс

 Ілік  септігінің  сұрақтары: кімнің?  ненің? 

Жалғаулары: -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің. Мысалы: оқушының, көшенің, т.б.

Барыс  септігінің  сұрақтары: кімге? неге?  қайда? 

Жалғаулары: -ға, -ге, -қа, -ке, -на, - не, -а, -е. Мысалы: оқушыға, көшеге, т.б.

              ІV. Бекіту бөлімі

   Сұрақтар қою арқылы  бекіту

              V. Үйге тапсырма

 2-тапсырма (Мәтінді мазмұндау)

             VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа   қатысы  бойынша  бағалау.

             VІІ. Сабақты  қорытындылау

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.