Менің қалам. Шығыс және көмектес септіктері.


Сабақтың тақырыбы:  Менің  қалам. Шығыс және көмектес  септіктері.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты  мәлімет бере отырып,

                                      шығыс, көмектес септіктерін түсіндіру , сауатты жазуға  және  

                                      сөйлеуге   үйрету;

                                      ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                     қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

                                     қалыптастыру;

                                      б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді

                                     құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен  жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: шығыс және көмектес  септіктерін  меңгеру, Алматы  қаласы 

                                   жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың  барысы:

         І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу           - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

Қатемен  жұмыс. Өз қаласындағы немесе ауылындағы ең көрнекті жер туралы сурет салу және әңгімелеу.

         ІІІ. Жаңа  сабақ

          Сөздік

оңтүстік – юг                      солтүстік – север

батыс – запад                       шығыс – восток

    Суреттер  бойынша «Қалада не бар?» сұрағына жауап беріңдер.

1 – тапсырма. «Алматыда» мәтінін оқып, сұрақтар қойыңдар. Мәтінді мазмұндаңдар.

2 – тапсырма. Суреттер  бойынша  диалогты толықтырып оқыңдар.

 3- тапсырма.Суреттер  бойынша  әңгіме құрастырыңдар.

Қаланың солтүстігі

Қаланың оңтүстігі

Қаланың батысы

Қаланың шығысы

                 Ережемен  жұмыс

Шығыс  септігінің  сұрақтары: кімнен?  неден? қайдан? 

Жалғаулары: -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен. Мысалы: оқушыдан, көшеден, т.б.

Көмектес   септігінің  сұрақтары: кіммен? немен?  қалай? 

Жалғаулары: -мен, -бен, -пен. Мысалы: оқушымен, кітаппен, т.б.

              ІV. Бекіту бөлімі

   Сұрақтар қою арқылы  бекіту

              V. Үйге тапсырма

«Менің ауылым» тақырыбында  әңгіме жазу. 4- тапсырма.

             VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа   қатысы  бойынша  бағалау.

             VІІ. Сабақты  қорытындылау

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.