Отан. Тәуелдік жалғау.


Сабақтың тақырыбы:  Отан. Тәуелдік  жалғау.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты  мәлімет бере отырып,

                                     тәуелдік   жалғауын  түсіндіру , сауатты жазуға  және  

                                      сөйлеуге   үйрету;

                                      ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                     қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

                                     қалыптастыру;

                                      б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді

                                     құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, бес  жолды  өлең

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже:  тәуелдік  жалғауын  меңгеру, Отан  жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың  барысы:

         І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу           - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

Өтілген  моульді  еске  түсіру, пысықтау.

         ІІІ. Жаңа  сабақ

 1- тапсырма. «Отан» өлеңін  мәнерлеп  оқу.

                       Отан-сенің ата-анаң,

                       Отан – досың, бауырың.

                       Отан – өлкең, астанаң,

                       Отан – аудан, ауылың. (Б.Ысқақаов)

2- тапсырма.    Отан, өлке, сабақ  сөздерін  тәуелдеу.

          Бес  жолды  өлең

1.  Зат есім – Отан

2. Сын есім – ыстық, кең-байтақ

3. Етістік – дамиды, сүйеміз, қорғаймыз

4. Сөйлем – Біз  Отанымызды қорғаймыз.

5. Синоним – туған жер, атамекен

              Ережемен  жұмыс

      Тәуелдік  жалғауы

І жақ. Менің –ым, -ім, -м       Біздің    - ымыз, -іміз, -мыз, -міз

ІІ ж. Сенің   -ың, -ің, -ң          Сендердің  -ың, -ің, -ң

         Сіздің  - ыңыз, -іңіз,      Сіздердің   -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз

                     - ңыз, -ңіз

ІІІ ж.  Оның  -сы, -сі, -ы, -і     Олардың  -сы, -сі, -ы, -і

              ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы  бекіту

              V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма («Отан» өлеңін жаттау)

             VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа   қатысы  бойынша  бағалау.

             VІІ. Сабақты  қорытындылау

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.