Сабақтың тақырыбы: Қыс. Сын есім.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
сын есімді түсіндіру , сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: сын есімді меңгеру, қыс туралы өз ойын айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырыптарды қайталау, еске түсіру. Қысқы демалысты қалай өткізгендерін сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. Сөйлесуді оқып, өзара сөйлесіңдер. Сурет бойынша әңгіме құраңдар.
Қай жыл мезгілі басталды?
Қыс мезгілі басталды.
Қыс айлары қай айлар?
Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
2 – тапсырма. Кесте бойынша әңгіме құрастырыңдар.
Жыл мезгілі | Айлар | Күндер | Түндер | Ауа райы |
Қыс | Желтоқсан, қаңтар, ақпан | қысқа | ұзақ | Күн суытады, қар жауады, боран соғады, аяз болады. |
Ережемен жұмыс
Сын есім – заттың сынын, сапасын, түрін, түсін, көлемін, т.б. қасиеттерін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай ? қай?
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
3 – тапсырма.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.