Бұл қай кезде болады? Сын есімнің жұрнақтары.


Сабақтың тақырыбы:  Бұл қай кезде болады? Сын есімнің  жұрнақтары.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты  мәлімет бере отырып,

                                      сын есімнің жұрнақтарын  түсіндіру  , сауатты жазуға  және  

                                      сөйлеуге   үйрету;

                                      ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                     қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

                                     қалыптастыру;

                                      б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік  тілді

                                     құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға  тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, жұмбақ  шешу

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже:  сын есімнің жұрнақтарын  меңгеру, қыс  туралы  өз ойын айта

                                    білу;

Сабақтың  барысы:

         І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен амандасу           - Кезекшінің  мәліметі

         ІІ. Үй  тапсырмасын  тексеру

1-тапсырма («Жаңа жыл» мәтінін мазмұндау). Туынды сын есімдерге мысалдар жазу.

         ІІІ. Жаңа  сабақ

1– тапсырма. Өлеңді мәнерлеп  оқып, мағынасын  түсіндіріңдер. Сын есімді табыңдар.

        Ұшан – теңіз қалың қар,

         Жерді басып, жабады.

        Мұздай демі бет қарып,

        Аяз аузын ашады.

2 – тапсырма. Жұмбақтарды   шешіңдер.

     1. Таудан  түссем, тоқтауды білмейді,

         Тауға  қарай, тартсам да жүрмейді.  (шана)

3- тапсырма. Суреттерге қарап, әңгіме құрап жазыңдар. Сын есімдердің астын сызыңдар.

                       Ережемен  жұмыс

     Сын  есімнің  жұрнақтары

1. –ғы, -гі, -қы, -кі: қысқы, кешкі, жазғы, күзгі

2. –лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: қалалық, әкелік, аудандық, шетелдік

3. –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті: таулы, өнерлі, орманды, ұлтты

4. - сыз, -сіз: ақылсыз, білімсіз

 

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы  бекіту

              V. Үйге тапсырма

 1 – тапсырма (  Өлеңді   жатттау  )

 Жұмбақтар жазу.

             VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы  бойынша  бағалау.

             VІІ. Сабақты  қорытындылау

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.