Қысқы киім. Негізгі және туынды сын есімдер.


Сабақтың  тақырыбы: Қысқы киім. Негізгі және туынды сын есімдер.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

                                     негізгі және туынды сын есімдерді түсіндіру, сауатты сөйлеу мен

                                     жазуға үйрету;

                                      б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                      қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын 

                                      қалыптастыру;

                                      в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,      

                                      қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен  жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық   байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: негізгі және туынды сын есімдерді меңгеру, қысқы киім туралы өз

                                   ойларын айта білу;

Сабақтың барысы:

           І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен  амандасу                 - Кезекшінің мәліметі

             ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру

2-тапсырманы тексеру.

             ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Диалогты оқып, сын есімдермен толықтырыңдар.

  - Қыста күн салқындайды, адамдар қалай киінеді?

  - Адамдар  жылы киінеді.

  -  Басына  не киеді?

  - Басына ... тымақ киеді.

2 – тапсырма. Төмендегі сөздерге сын есімдерді қойып, олармен сөз тіркестерін құраңдар.

     Сын  есім + зат есім

Үлгі: жылы тон.

    Тон, аяқ киім, қолғап, тымақ, бәтеңке, етік, пима, бөрік.

               Суреттермен  жұмыс.

 Қысқы киім суреттеріне қарап, сөйлемдер құрау.

               Ережемен  жұмыс

        Сын есім тұлғасына  қарай екі түрге бөлінеді:

1. негізгі сын есім: әдемі, қатты, т.б.

2. туынды сын есім: қысқы, тәуелсіз, таулы, аудандық, т.б.

 

            ІV. Бекіту   бөлімі

  Сұрақтар қою  арқылы бекіту

             V. Үйге  тапсырма

 3 – тапсырма («Қысқы киім» тақырыбына  шығарма жазыңдар)

              VІ. Бағалау бөлімі

 Сабаққа  қатысы  бойынша  бағалау

              VІІ. Сабақты  қорытындылау

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.