Төрт түліктің пайдасы. Есімдік.


Сабақтың  тақырыбы: Төрт  түліктің  пайдасы. Есімдік.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

                                      есімдікті  түсіндіру, сауатты сөйлеу  мен жазуға үйрету;

                                      б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                      қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын 

                                      қалыптастыру;

                                      в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,      

                                      қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: жаңа  сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық   байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: есімдіктерді меңгеру, төрт  түлік  туралы өз ойларын айта білу;

Сабақтың барысы:

           І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен  амандасу                 - Кезекшінің мәліметі

             ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру

Өткен модульді  қайталап, еске түсіру.

             ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Суреттер мен сөйлемдерді пайдалана отырып, диалог құраңыз.

          Түйе боздайды, боталайды.

          Жылқы  кісінейді, құлындайды.

          Сиыр мөңірейді, бұзаулайды.

          Қой  маңырайды, қоздайды.

          Ешкі  маңырайды, лақтайды.

2 – тапсырма. Төмендегі сөздерге сілтеу есімдіктерін  қосып, сөз тіркестерін  құраңыз.

              Үлгі: сол бұзау, мына жылқы

              Бұзау, лақ, бота, жылқы, сиыр, қой, ешкі.

    

3 – тапсырма. Сөзге тиісті жұрнақтарды  жалғап жазыңдар.

           Үлгі: бұзау+дікі

Қой

Сиыр                               нікі, дікі, тікі

Қозы

Ешкі

               Ережемен  жұмыс

      Есімдік – есім сөздердің орнына (зат есім, сын есім, сан есім) қолданылатын сөз табы. Мысалы: Мен бесінші сыныпта оқимын.

 

            ІV. Бекіту   бөлімі

  Сұрақтар қою  арқылы бекіту

             V. Үйге  тапсырма

1 – тапсырма. (Берілген сөйлемдерді жаттау)

              VІ. Бағалау бөлімі

 Сабаққа  қатысы  бойынша  бағалау.

              VІІ. Сабақты  қорытындылау

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.