Сабақтың тақырыбы: Шөл кемесі. Жіктеу есімдігі.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
жіктеу есімдігін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, суреттермен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: жіктеу есімдігін меңгеру, түйе туралы өз ойларын айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1 – тапсырма ( Берілген сөйлемдерді жаттау )
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. «Шөл кемесі» мәтінімен топтық жұмыс.
Мәтінді оқиды.
Мәтін бойынша сұрақ құрайды.
Мәтінді аударады.
Мәтінді мазмұндайды.
2 – тапсырма. Суретке қарай отырып, түйенің төліне сипаттама беріңіз.
Бота суреті
не? қандай? не істейді? қанша?
3 – тапсырма. Берілген сөйлемдерден есімдіктерді тауып, мағыналық түрін ажыратыңдар.
Морфологиялық талдау жасаңдар.
Ережемен жұмыс
Есімдік мағынасына қарай 7 түрге бөлінеді:
1. Жіктеу есімдігі: мен, сен, сіз, ол, біз, сендер, сіздер, олар.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
1 – тапсырма. («Шөл кемесі» мәтінін мазмұндау)
Есімдіктерді қатыстырып сөйлем құрау.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау
Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!
Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.