Мамандықтар. Сын есім


Сабақтың  тақырыбы: Мамандықтар.  Сын есім

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

                                      сын есімді  түсіндіру, сауатты сөйлеу  мен жазуға  үйрету;

                                      б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                      қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын 

                                      қалыптастыру;

                                      в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,      

                                      қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: жаңа  сабақ                

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен  жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық   байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже:  сын есімді  меңгеру,  мамандық  туралы өз  ойларын  айта

                                    білу;

Сабақтың барысы:

           І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен  амандасу                 - Кезекшінің мәліметі

             ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру

Өтілген  модульді  пысықтап, еске  түсіру.

             ІІІ. Жаңа сабақ

 

1 – тапсырма. Сурет  бойынша  мамандықтарды  атап  шығыңдар. Сөз  тіркестерін 

                         құрастырыңдар.

2  – тапсырма. Диалогты  оқып, өзара  сөйлесіңдер. Үлгі бойынша өздерің диалог

                        құраңдар.

- Сен  кімсің?

- Мен 5 сынып оқушысымын.

- Сенің  әкеңнің мамандығы  қандай?

- Менің әкемнің  мамандығы – дәрігер.

3 – тапсырма. «Мамандықтар»  мәтінін  мәнерлеп  оқып,  аударыңдар.Етістіктерді  тауып,

                        қандай  шақта  тұрғанын  анықтаңдар.

               Ережемен  жұмыс

                                          Сын есім

    Заттың сынын, сапасын, түсін, түрін, көлемін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? қай?

1. Құрамына қарай (2):

    А) дара сын есім: сары, үлкен, кең, т.б.

    Б) күрделі сын есім:

          1. біріккен: алқызыл

          2. қосарланған: үлкен -кіші

          3. тіркескен:    қызыл ала

2. Тұлғасына қарай (2):

      А) негізгі сын есім:   биік, әдемі

      Б) туынды сын есім: таулы, еріншек

3. Мағынасына қарай (2):

       А) Сапалық сын есім: тәтті, тұщы, тар, ыстық

       Б) Қатыстық сын есім:

            ІV. Бекіту   бөлімі

  Сұрақтар қою  арқылы бекіту

             V. Үйге  тапсырма

3 – тапсырма («Мамандықтар» мәтінін  мазмұндау)

4 – тапсырма.

              VІ. Бағалау бөлімі

 Сабаққа  қатысы  бойынша  бағалау.

              VІІ. Сабақты  қорытындылау

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.