Бұл кімдер? Сын есім


Сабақтың  тақырыбы: Бұл  кімдер? Сын есім

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

                                     сын есім, оның түрлерін  түсіндіру, сауатты сөйлеу  мен жазуға 

                                      үйрету;

                                      б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                      қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын 

                                      қалыптастыру;

                                      в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,      

                                      қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау  сабағы     

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен  жұмыс, деңгейлік  тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық   байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже: сын есімді    меңгеру,  мамандық  иелері  туралы өз  ойларын  айта  

                                   білу;                         

Сабақтың барысы:

           І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен  амандасу                 - Кезекшінің мәліметі

             ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру

2 – тапсырма (Деңгейлік тапсырмалардың 3 тапсырмасы)

             ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Көп   нүктенің  орнына  тиісті  сөздерді  қойып  жазыңдар.

    ... балаларды емдейді.

    ...  балық  аулайды.

    ...   үй салады.

    ... балаларды  оқытады.

    ... тамақ  дайындайды.

    ... азық – түлік сатады.

    ... көлік  жүргізеді.

2 – тапсырма. Сөздерге –шы, -ші жұрнақтарын жалғап, өткен шақта сөйлем

                         құрастырыңдар.

3 – тапсырма. «Бұл  кімдер?» өлеңін  мәнерлеп  оқып, аударыңдар.

                        Етістіктің шақтарын анықтаңдар.

               Ережемен  жұмыс

                                          Сын есім

    Заттың сынын, сапасын, түсін, түрін, көлемін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? қай?

1. Құрамына қарай (2):

    А) дара сын есім: сары, үлкен, кең, т.б.

    Б) күрделі сын есім:

          1. біріккен: алқызыл

          2. қосарланған: үлкен -кіші

          3. тіркескен:    қызыл ала

2. Тұлғасына қарай (2):

      А) негізгі сын есім:   биік, әдемі

      Б) туынды сын есім: таулы, еріншек

3. Мағынасына қарай (2):

       А) Сапалық сын есім: тәтті, тұщы, тар, ыстық

       Б) Қатыстық сын есім:

            ІV. Бекіту   бөлімі

  Сұрақтар қою  арқылы бекіту

             V. Үйге  тапсырма

3 – тапсырма («Бұл  кімдер?»  өлеңін  жаттау)

              VІ. Бағалау бөлімі

 Сабаққа  қатысы  бойынша  бағалау.

              VІІ. Сабақты  қорытындылау

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.