Қанша? Неше? Есептік және реттік сан есімдер.


Сабақтың  тақырыбы: Қанша? Неше? Есептік  және  реттік сан есімдер.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

                                      есептік  және  реттік  сан есімдерді түсіндіру, сауатты сөйлеу 

                                      мен  жазуға   үйрету;

                                      б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                      қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын 

                                      қалыптастыру;                                   

                                      в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,      

                                      қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы      

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу, кесте

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, тірек-сызба

Пәнаралық   байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже:  есептік  және реттік сан есімдерді   меңгеру,  уақыт   туралы  өз 

                                    ойларын  айта   білу;                         

Сабақтың барысы:

           І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен  амандасу                 - Кезекшінің мәліметі

             ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру

1 - тапсырма (Сөйлесуді  жаттау)

             ІІІ. Жаңа сабақ

 1 – тапсырма. Бір - бірлеріңе  сұрақ  қойып, жауап беріңдер.

2 - тапсырма. Сызбалар  бойынша  әңгіме  құраңдар. Әңгімеге  ат қойыңдар.

                        Есептік  және  реттік сан есімдерді қолданыңдар.

3 -тапсырма. Кестеге  қарап, уақытты  дұрыс  құрап үйреніңдер. Сөйлесу  құраңдар.

                           Сағат  қанша?

1. сан есім + -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен + сан есім кетті.

2. сан есім + - ға , -ге, -қа, -ке + сан есім қалды.

3.  сан  есім + жарым.

4. тура + сан есім.

                       Ережемен  жұмыс

       Сан есім - заттың санын, мөлшерін  білдіретін  сөз  табы. Сұрағы: қанша? неше?

Есептік сан есім: бір, он жеті, жүз отыз үш, т.б. Сұрағы: қанша? неше?

Реттік сан есім: бірінші, он жетінші, жүз отыз үшінші, т.б. Сұрағы: нешінші?

         Жұрнақтары: -ыншы, -інші, -ншы, -нші

 

             ІV. Бекіту   бөлімі

Сұрақтар  қою  арқылы  бекіту

             V. Үйге  тапсырма

 4 - тапсырма

              VІ. Бағалау бөлімі    

Сабаққа  қатысы  бойынша  бағалау

             VІІ. Сабақты  қорытындылау

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.