Уақыт өлшемдері. Топтау сан есім.


Сабақтың  тақырыбы: Уақыт  өлшемдері. Топтау  сан есім.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

                                      сан есім мен  топтау  сан есімді түсіндіру, сауатты сөйлеу 

                                      мен  жазуға   үйрету;

                                      б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

                                      қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын 

                                      қалыптастыру;                                   

                                      в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,      

                                      қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың  түрі: пысықтау сабағы      

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу, деңгейлік тапсырмалар, топтық жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта

Пәнаралық   байланыс: орыс тілі

Күтілетін  нәтиже:  топтау  сан есімді   меңгеру,  уақыт өлшемдерін айта білу;

Сабақтың барысы:

           І. Ұйымдастыру  бөлімі

- Оқушылармен  амандасу                 - Кезекшінің мәліметі

             ІІ. Үй тапсырмасын  тексеру

4-5 - тапсырма.

             ІІІ. Жаңа сабақ

 1 – тапсырма. «Уақыт  өлшемдері» мәтіні бойынша  топтық жұмыс

Мәтінді оқиды

Мәтін бойынша сұрақ құрайды

Мәтінді мазмұндайды

Мәтіндегі тірек сөздерді табады

2 - тапсырма. Төмендегі топтау сан есімдерімен сөйлем құраңдар.

3 - тапсырма. Деңгейлік  тапсырмаларды  орындаңдар.

       ІІІ деңгей

1. Мәтінді  оқып, аударыңдар.

2. Сан есім деген не?

       ІІ деңгей

1. Мәтін бойынша сұрақ құраңдар.

2. Сан есімнің құрамдық түрлерін айтыңдар, мысал келтіріңдер.

        І деңгей

1. «Уақыт» тақырыбында неге сан есімдерді пайдаланамыз. Өз ойларыңды айтыңдар.

2. Мәтінде берілген сан есімдерді әр түрлі топта түрлендіріңдер.

                       Ережемен  жұмыс

       Сан есім - заттың санын, мөлшерін  білдіретін  сөз  табы. Сұрағы: қанша? неше?

Топтау сан есімі: бір-бірден, он-оннан, т.б. Сұрақтары: қаншадан? Нешеден?

Шығыс септік жалғауын жалғау арқылы жасалады.

             ІV. Бекіту   бөлімі

Сұрақтар  қою  арқылы  бекіту

             V. Үйге  тапсырма

 3 - тапсырма (әр деңгейдің 3 тапсырмасы)

              VІ. Бағалау бөлімі     Сабаққа  қатысы  бойынша  бағалау

             VІІ. Сабақты  қорытындылау

Вам помог этот материал?Оценки помогают другим учителям находить лучшие планы уроков
Нажмите на звезду для оценки
Обсуждение материала 0

Комментариев пока нет. Станьте первым, кто оставит своё мнение!

Ваш комментарий

Чтобы оставить комментарий, пожалуйста, войдите на сайт.